
B
2.
Ішкі шыны панельді B екі қолыңызбен
мықтап ұстап, тұрған жерінен жоғары
қарай сырғытып алыңыз. Басқа шыны
панельдерді де осылайша алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Шынылар құлап кетпес үшін мықтап
ұстаңыз.
Есікті дымқыл жөкемен тазалап, жұмсақ
шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Жүн жөкені,
қышқылдарды немесе жеміргіш заттарды
пайдаланып тазаламаңыз, себебі құрылғының
бетін бүлдіреді.
Шыны панельдерді орнату
Тұмшапештің есігі таза болған кезде, шыны
панельдерді кері ретпен салыңыз. Шыны
панельдерді орындарына қайта дұрыс ретпен
орнатыңыз.
Ортаңғы шыны панельдердің үстіңгі жағында
сызбасы бар. Үшінші шыны панельдің бедері
бар. Басқалары мөлдір шынылар.
Панельдің бедері бар жағы есіктің ішкі жағына
қарап тұруға тиіс. Орнатып болғаннан кейін
шыны панельдің жақтауының беткі жағы
қолмен ұстағанда бұдыр болмауға тиіс.
13. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы қызбайды. Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
Құрылғы қызбайды. Сағат қойылмаған. Сағатты қойыңыз.
Құрылғы қызбайды. Қажетті параметрлер
орнатылмаған.
Параметрлердің дұрыс екеніне
көз жеткізіңіз.
Құрылғы қызбайды. Балалар құлпы функциясы іске
қосулы.
"Балалар құлпын ажырату"
тарауын қараңыз.
ҚАЗАҚ 31
Kommentare zu diesen Handbüchern