Electrolux EGE6182NOK Bedienungsanleitung Seite 15

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 24
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 14
қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Сондай-ақ пешті тұмшапешке абайлап
орнатыңыз.
Құрылғының газбен
жабдықтау қысымының
ұсынылған мәндерге
сәйкес екеніне көз
жеткізіңіз. Реттелетін
қосылым бұрандалы G 1/2"
сомынының көмегімен
ауқымды еңіске бекітіледі.
Бөлшектерді салмақ
салмай бұраңыз,
қосылымды қажетті
бағытқа қарай баптап,
барлығын қатайтыңыз.
A B C
A) Сомыны бар сүмбінің ұшы
B) Тығырық
C) Келте құбыр (қажет болса)
Сұйылтылған газ
Сұйылтылған газ үшін резеңке түтік
ұстатқышты пайдаланыңыз. Әрқашан
тығыздағышты орнатыңыз. Содан
кейін газ желісіне қосуды
жалғастырыңыз.
Иілгіш түтік төмендегі жағдайларда
қолдану үшін дайындалады:
ол бөлме температурасынан
жоғары, 30°C-тан асып қызып кете
алмаса;
ұзындығы 1500 мм-ден аспаса;
ешбір жері жаншылмаса;
оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
оның күйін тексеру үшін оны оңай
қарап шығу мүмкін болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын
бақылау үшін төмендегілерді тексеру
керек:
екі ұшында және ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмауын;
материал қатқылданбаған,
керісінше, серпімділігі дұрыс
болуын;
бекіткіш қапсырмаларды тот
баспағанын;
жарамдылық мерзімі өтіп
кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
ауыстыру керек.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Орнату аяқталғаннан кейін
әр түтік фиттингінің
жақсылап бекітілгенін
тексеріңіз. От емес, сабын
ерітіндісін пайдаланыңыз!
8.3 Инжекторларды ауыстыру
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. 7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да,
орнына қолданылатын газ түріне
арналған инжекторларды салыңыз
("Техникалық ақпарат"
тарауындағы кестені қараңыз).
4. Осы әрекеттерді кері тәртіпте
орындау арқылы бөлшектерді
құрастырыңыз.
5. Техникалық ақпарат тақтайшасын
(газбен жабдықтау құбырының
қасында) жаңа газ түріне сай
келетін тақтайшаға ауыстырыңыз.
Бұл тақтайшаны құрылғымен бірге
жеткізілген қалтадан таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы
өзгермелі немесе қажетті қысымнан
басқаша болса, газбен жабдықтау
түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін
орнату қажет.
ҚАЗАҚ 15
Seitenansicht 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 23 24

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare