Electrolux EHF3920BOK Bedienungsanleitung Seite 3

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 12
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат
алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан балалар
және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тәжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану
барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерін
ұстамаңыз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
ҚАЗАҚ 3
Seitenansicht 2
1 2 3 4 5 6 7 8 ... 11 12

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare