Electrolux EOG23400X Bedienungsanleitung Seite 10

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 24
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 9
Назарыңызда болсын! Тағамды
әрқашан пеш есігін жауып пісіріңіз.
Төмен қарай ашылатын пеш есігін
ашқан кезде артқа шегініңіз. Есік
әбден ашылғанша тұтқасын
жібермей ұстап тұрыңыз, есікті
тартқаннан кейін әрі қарай еш
сүйемелсіз ашылуына жол бермеңіз.
Газ пешінің жұмысы
Пешті ашық отпен тұтатуға
болмайды.
Пешті тұтату үшін:
1.
Функцияны таңдайтын түймешені
белгішесіне қойыңыз(пештің шамы
жанады);
2. Пештің термореле түймешесін
қажетті температураға
қойыңыз(термореле шамы жанады);
3. Шамамен 6 секундтың ішінде пештің
от алу кезеңі басталады. 6 секундтан
соң пеш от алмаса (қауіпсіздік
уақыты) "газ беруді тоқтату" шамы
жанады. Тоқтап қалған газды қайта
қосу үшін таңдағыш түймешені "0"
қалпына, термореле түймешесін
(өшіру)қалпына қойыңыз да бір минут
күте тұрыңыз, содан соң жоғарыда
сипатталған әрекеттерді қайталаңыз.
Пешті ең алғаш рет іске қосарда от
алдыру әрекетін бірнеше рет
қайталау, газ құбырының ішінде
ауаның болуына байланысты
қалыпты жағдай болып есептеледі.
4. Пештегі температура термореле
көмегімен орнатылған температура
деңгейіне жеткен кезде термореле
шамы өшеді. Температура деңгейін
қалыпты ұстау үшін, тағам пісіру
барысында шам бірнеше рет жануы
мүмкін.
Газ пеші жұмыс жасап тұрған кезде
қуат өшіп қалса, пеш өшеді де, газ
ағымы тоқтайды. Қуат қайта берілген
кезде пеш те автоматты түрде
қосылады.
Бұрылмалы істікпен пісіру
Бұрылмалы істікті пайдалану үшін
төмендегіні іске асырыңыз:
1. Суретте көрсетілгендей, істіктің
жақтауын астыңғы жағынан
санағанда екінші бағыттауышқа
сұғыңыз.
2. Істікке бірінші шанышқыны сұғыңыз,
пісірілетін тағамды шаншыңыз да,
екінші шанышқыны сұғу арқылы оны
бекітіңіз; екі шанышқыны арнайы
бұрандаларды тартып бұрау арқылы
бекітіңіз.
3. Істіктің ұшын бұрылмалы істік
қозғалтқышындағы тесікке сұғыңыз,
ол пештің артқы қабырғасының орта
тұсында анық көрініп тұр.
4. Істіктің алдыңғы бөлігін істік
жақтауына қойыңыз.
5. Қармауышты бұрап босатыңыз.
6.
Түймешені
істік белгішесіне,
термореле түймешесін "200" қалпына
қойыңыз.
Ішіне екі кеседей су құйылған май
жинайтын табаны пештің астыңғы
жағынан санағанда бірінші
бағыттауышқа орналастыру
ұсынылады.
Электр грилі
Электр грилін қосу үшін түймешені
белгішесіне, термореле түймешесін
"макс" қалпына қойыңыз.
10 electrolux
Seitenansicht 9
1 2 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 ... 23 24

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare