Electrolux ESF9465ROW Bedienungsanleitung Seite 13

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 56
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 12
7.2 Бағдарламаны орнату және
бастау
Auto Off функциясы
Бұл функция пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайту үшін, құрылғыны келесі жағдайларда
бірнеше минуттан кейін автоматты түрде
сөндіреді:
Бағдарламаны бастау үшін есікті
жаппасаңыз.
Бағдарлама аяқталғанда.
Параметрлерді орнату режимі
Құрылғы кей параметрлер үшін параметрді
орнату режимінде тұруға тиіс.
Құрылғыны іске қосқаннан кейін
параметрлерді орнату режимінде тұрады
және индикатор мен бағдарламаның уақыты
ECO жанып тұрады.
Егер басқару панелінен бұны көрмесеңіз,
Program және TimeSaver түймешігін ECO
бағдарламасының уақыты пайда болғанша
басып ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Бағдарламаны орнату үшін құрылғының
есігін сәл ашып қойыңыз.
4. Бағдарламаны орнатыңыз. Program
түймешігін орнатқыңыз келген
бағдарламаның индикаторы жанғанша
қайта-қайта басыңыз. Сондай-ақ, тиісті
функцияларды да орнатуға болады.
Егер MyFavourite бағдарламасын
орнатқыңыз келсе, Program түймешігін
MyFavourite бағдарламасына қатысты
индикаторлар мен функциялар
жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
5. Бағдарламаны бастау үшін құрылғының
есігін жабыңыз.
Жуу циклының индикаторы жанады.
Бағдарламаның уақыты 1 минутқа тең
қадаммен азая бастайды.
Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бейнебетте орнатқыңыз
келген кешіктіріп бастау уақыты (1- 24
сағат) көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз. Delay индикаторы жанады.
Кері санақ автоматты түрде басталады.
Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде
кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату
Кешіктіріп бастау функциясын біржола
тоқтатқан кезде бағдарлама мен
функцияларды қайта орнату керек.
1. Program және TimeSaver түймешіктерін
ECO бағдарламасының индикаторы мен
уақыты пайда болғанша қатар басып
ұстап тұрыңыз.
Бағдарламаны біржола тоқтату
1. Program және TimeSaver түймешіктерін
ECO бағдарламасының индикаторы мен
уақыты пайда болғанша қатар басып
ұстап тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бейнебетте 0:00 көрсетіледі.
Бағдарлама жолағының барлық сегменттері
тұрақты жанып тұрады.
1. Қосу/сөндіру түймешігін басыңыз немесе
Auto Off функциясының құрылғыны
автоматты түрде сөндіруін күтіңіз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
ҚАЗАҚ 13
Seitenansicht 12
1 2 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 ... 55 56

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare