Electrolux ESL97845RA Bedienungsanleitung Seite 5

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 32
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 4
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
Ұлыбритания мен Ирландия үшін
ғана. Бұл құрылғыға 13 A қорек
ашасы орнатылған. Егер қорек
ашасының сақтандырғышын
ауыстыру қажет болса 13 А ASTA
(BS 1362) сақтандырғышты ғана
пайдаланыңыз.
2.3 Суға қосу
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген
екі қабат қаптамадан тұрады және
қауіпсіздік клапанымен
жабдықталған.
ЕСКЕРТУ!
Қатерлі кернеу.
Су құятын түтікке зақым келсе,
судың шүмегін дереу жауып, ашаны
розеткадан суырыңыз. Су құятын
түтікті ауыстыру үшін уәкілітті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
2.4 Пайдалану
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш
заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе
ішуге болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама
аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Ыдыстарда жуғыш зат қалуы
мүмкін.
Бағдарлама орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу
шығуы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
ҚАЗАҚ 5
Seitenansicht 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 31 32

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare