
• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
• Таба қоятын тағандар ыдыс жуғыш
машинада жууға арналмаған. Оларды
қолмен жуу керек.
•Ыдыс тағандарын қолмен жуғанда,
құрғатып сүрткенде абай болыңыз, себебі
эмальмен қапталған жиектері өткір болуы
мүмкін. Қажет болса, қатып қалған
дақтарды тазартқыш қоймалжыңмен
кетіріңіз.
• Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын
дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Қоқысты тазалау:
1.
– Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, полимер үлдір, қант
қосылған тағам.
– Мыналарды тазалауға кіріспес бұрын
пешті электр желісінен ағытып,
суытыңыз: әк дақтары, су дақтары, май
дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Пештің сыртқы қабатына
жарамды арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
2.
Аспапты дымқыл шүберекпен, шамалы
сабын қосып тазалаңыз.
3.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны таза
шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
Тот баспайтын болат қатты қызғанда көмескі
тартуы мүмкін. Осыған байланысты пеш
тасында, қыш ыдыста немесе шойын
табақтарда тамақ пісіруге болмайды.
6.1 Тұтандырғыш оттықты тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру білтесі
мен металл электродтың көмегімен
орындалады. Тұтандыру қиынға соқпауы үшін
осы құрамдас бөліктерді таза күйінде ұстаңыз
және оттықтағы шілтер тесіктерінің
бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
6.2 Мерзімдік техникалық қызмет
көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің және, егер
орнатылған болса, қысым өтпелігінің күйін
тексеру үшін жергілікті қызмет көрсету
орталығына аракідік хабарласыңыз.
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды
• Электр қуаты жоқ • Құрылғының жалғанғанын
және электр қуатының
іске қосылғанын
тексеріңіз.
•Сақтандырғышты
тексеріңіз. Сақтандырғыш
бірнеше рет ағытылып
қалса, білікті электрші
маманға хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 9
Kommentare zu diesen Handbüchern