Electrolux EHC60040X Bedienungsanleitung Seite 5

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 8
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 4
Қалдық қызуды анықтайтын шам
Қалдық қызуды анықтайтын шам пісіру
алаңы ыстық тұрған кезде жанады.
Назарыңызда болсын! Қалдық
қызуға күйіп қалу каупі бар!
Құрылғыны іске қосу
Пештің үстіндегі алаңдарды пеш
түймешесінің көмегімен іске қосасыз.
Пеш үстіндегі алаңдарды іске қосу
туралы ақпаратты "Құрылғыны іске қосу
бойынша нұсқаулықтан" қараңыз.
Пісіру алаңы іске қосылып тұрғанда,
одан біраз уақыт сырылдаған дыбыс
естіледі. Бұл керамика шынылы
пісіру алаңдарының бәріне тән
жағдай және құрылғы дұрыс істемей
тұр дегенді білдірмейді.
Пайдалы ақыл-кеңес
Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі барынша қалың, әрі
мүмкіндігінше тегіс болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден
жасалған, түбі алюминий не мыс
ыдыстар, пештің керамика бетінің
түсін өзгертеді.
Қуатты үнемдеу
•Мүмкін болса, ыдыстардың
қақпақтарын әрқашан жауып
отырыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
Қалдық жылуды пайдалану үшін
пісіру алаңдарын пісіру уақыты
аяқталмай тұрып өшіріңіз.
Ыдыстардың түбі мен пісіру
алаңдарының көлемі бірдей
болуға тиіс.
Акриламидке қатысты ақпарат
Өте маңызды! Соңғы ғылыми
жаңалықтарға сүйенсек, тағамды
(әсіресе, құрамында крахмалы бар)
қатты қызартып пісіргенде, денсаулыққа
акриламид себебінен туындайтын қатер
төнеді. Сондықтан, тағамды төмен
температурада, қатты қызартпай пісіруді
ұсынамыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыны әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз.
Әрқашан табаны таза ыдыстарды
қолданыңыз.
Назарыңызда болсын! Өткір заттар
мен түрпілі тазартқыштар құрылғыға
нұқсан келтіреді.
Құрылғыны өз қауіпсіздігіңізді
қамтамасыз ету үшін бу бүріккіш
немесе жоғары қысым арқылы
тазалайтын құралдармен
тазаламаңыз .
Керамика бетке түскен сызаттар мен
қара дақтар құрылғының жұмысына
еш әсер етпейді.
Ластықты тазалау:
1. Дереу тазалаңыз: еріген пластик,
пластик қағаз, қант қосылған тағам.
Керамика шыныны тазалайтын
арнайы тазалағышты қолданыңыз.
Қырғышты керамика шыны бетіне
сүйір бұрыш жасау арқылы қойып,
жылжыта отырып тазалаңыз.
electrolux 5
Seitenansicht 4
1 2 3 4 5 6 7 8

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare