
немесе ыстық ыдыстарға тигізбеңіз.
Электр сымдарын шиеленістірмеңіз.
Құрылғы ақаулығының алдын алудың
жолдары
• Заттар немесе ыдыс-аяқтар пештің
керамика бетіне құласа, оған зақым
келтіруі мүмкін.
• Құйылған болаттан жасалған,
алюминий не түбіне нұқсан келген
ыдыстарды әрі-бері сырғытсаңыз,
керамика бетке сызат түсуі мүмкін.
• Ыдыстар мен керамика бетке нұқсан
келмес үшін ыдыстарды ішіндегісі
әбден сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Пісіру алаңдарын еш ыдыссыз не бос
ыдыс қойып пайдаланбаңыз.
• Құрылғының ешбір жерін алюминий
қаңылтырмен жаппаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғының
бетіне сызат түссе, электр тогының
қатеріне ұшырамас үшін оны
ажыратып қойыңыз.
Орнату
Орнатардың алдында , техникалық
ақпарат тақтайшасынан мына
ақпараттарды жазып алыңыз:
• Үлгі сипаттамасы
(Model)................
• Өнім нөмірі (Prod. Nr.) ............. ....
• Сериялық нөмірі (Ser.
Nr.) ...............
Құрылғының техникалық ақпарат
тақтайшасын оның астыңғы
корпусынан таба аласыз.
EHS 60041X
949 594 039 00
58 HAD 03 AO
ELECTROLUX
220-240 V 50-60 Hz
6,4 kW
Қауіпсіздік нұсқаулары
Назарыңызда болсын! Міндетті
түрде оқуыңыз қажет!
Құрылғының тасымалдаған кезде
еш жерінің бүлінбегенін тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан желіге
қоспаңыз. Қажет болса, құрылғыны
сатқан жерге хабарласыңыз.
Бұл құрылғыны тек уәкілетті маман
ғана орнатып, жөндеуге тиіс. Тек
фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Кіріктіріліп орнатылатын
құрылғыларды тек стандартқа сай
келетін қаптамаларға немесе жұмыс
алаңдарына кіріктіріп орнатқан соң
ғана қолданыңыз.
Бұл өнімді өзгертуге не оның
техникалық сипаттарына өзгеріс
енгізуге болмайды. Жарақат алу не
құрылғыға зақым келу қаупі бар.
Құрылғы қолданылатын елдегі заң
күшіне ие заңдар, қаулылар,
ережелер мен стандарттарды
(қауіпсіздік нұсқаулары,
қалдықтарды қайта өңдеу бойынша
ережелер, электр қауіпсіздігі
ережелері т.с.с.) мұқият орындаңыз!
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз!
Электр қатерінен сақтандырыңыз,
мысалы, құрылғының астындағы
еденнің қауіпсіздік қаптамасы болған
жағдайда ғана оның үстіне
суырмаларды қоюға болады!
Жұмыс алаңының бетіне түскен
сызаттарды сай келетін
материалмен бітеу арқылы
ылғалдан қорғаңыз!
Құрылғы мен жұмыс алаңының
арасын, ешбір саңылау қалдырмай
тиісті бітегіш материалмен бітеңіз!
Құрылғының табанын мысалы, ыдыс
жуғыш машина не пештен келетін бу
мен ылғалдан қорғаңыз!
Құрылғыны есікке қатарластырып
немесе терезенің астына қоймаңыз!
Себебі, есік немесе терезелерді
ашқанда, ыстық ыдыс-аяқ пештің
қызып тұрған үстін соғып кетеді.
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар. Электр
желісіне ережелерді мұқият сақтай
отырып жалғаңыз.
• Электр сымдарын үлестіргіш
қорапшада кернеу бар.
electrolux 3
Kommentare zu diesen Handbüchern