Electrolux EKC52500OX Bedienungsanleitung Seite 11

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 28
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 10
Тұмшапеш функциясы Қолдану
Үстіңгі жақтан
қыздыратын
желдеткіш
Нанды қызартуға, торт және кондитер өнімдерін пісіруге
арналған.
Гриль
Жайпақ тағамның шағын мөлшерін сөренің ортасында қуыруға
арналған. Тост жасауға арналған. Бұл функцияға арналған ең
үлкен температура: 210°.
Ыстық ауа
Бірнеше сөрені пайдаланып, бірдей температурада пісірілетін
тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей қуыруға немесе
пісіруге арналған. Осы функцияны қолданғанда тұмшапештің
температурасын дәстүрлі пісіру режимінің стандартты
температурасынан 20 - 40 °C градусқа азайтыңыз.
Жібіту
Мұздатылған тағамды жібітуге арналған. Температураны
басқару тетігі "сөндірулі" қалпында тұруға тиіс.
8.4 Таймер - Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін қолданыңыз.
Әуелі минут операторының басқару тетігін
("Бұйым сипаттамасы" тарауын қараңыз)
сағат бағытымен шегіне дейін бұраңыз. Содан
кейін сағат бағытына қарсы бұрап қажетті
уақытқа қойыңыз. Уақыт аяқталғаннан кейін
сигнал естіледі де, құрылғы автоматты түрде
сөнеді. Тұмшапеш функцияларын және
тұмшапеш температурасын басқаратын тетікті
OFF (сөндіру) қалпына қойыңыз.
Қосу таймерін қайта пайдаланатын
кезде, оның барлық функцияларды
аяқтап, әбден нөлге қойылуын күтіңіз.
Уақытты орнатпай пісіру үшін, минут
операторының басқару тетігін
қалпына қойыңыз.
8.5 Пісірме табақты салу
Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы жағына,
алдыңғы және артқы қабырғаның ортасына
қойыңыз. Бұл пісірме табақтың алды-артында
ыстық ауаның айналуын қамтамасыз етеді.
Табақты суретте көрсетілгендей, қисық жағын
артқа қаратып салыңыз.
Назарыңызда болсын!
Пісірме табақты тұмшапештің артқы
қабырғасына тигенше итермеңіз.
Себебі бұлай істегенде табақтың
айналасына қызу келуге кедергі
жасайды. Тағамның әсіресе табақтың
артқы жағындағы бөлігі күйіп қалуы
мүмкін.
ҚАЗАҚ 11
Seitenansicht 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 27 28

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare