
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз.
2. Сырғыманы сырт еткен дыбыс
шыққанша жылжытыңыз.
3. Есікті сырғыма бекітілгенше
жабыңыз.
4. Есікті алыңыз.
Есікті алу үшін алдымен бір
жағынан сыртқа қарай тартып,
содан кейін екінші жағын тартыңыз.
Тазалап болғаннан кейін есікті алу
әрекетін керісінше орындап орнына
салыңыз. Есікті салған кезде сырт
еткен дыбыс естілгеніне көз жеткізіңіз.
Қажет болса, күшпен жабыңыз.
10.5 Есіктің шыныларын алу
және тазалау
Құрылғыңыздың есігіндегі
шынының түрі мен пішімі,
суреттерде көрсетілген
мысалдарға қарағанда
басқа болуы мүмкін.
Шынылардың саны да
басқа болуы мүмкін.
1. Есік жақтаушасының B жоғарғы
жағын қос қолмен екі жағынан
ұстаңыз да, ысырманы босату үшін
ішке қарай басыңыз.
2. Есікті босату үшін оның
жақтаушасын алға қарай тартыңыз.
3. Есіктің шыны панельдерін
бағыттағыштан шығару үшін үстіңгі
жағынан ұстап, бір-бірден жоғары
тартып шығарыңыз.
4. Есіктің шыны панельдерін
тазалаңыз.
Панельдерді орнату үшін осы
әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
10.6 Шамды ауыстыру
Құрылғының ішкі табанына шүберек
төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы
мен құрылғының ішіне нұқсан келмес
үшін қажет.
ЕСКЕРТУ!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар!
Сақтандырғышты шамды
ауыстыру алдында
ағытыңыз.
Шам және шамның қақпағы
ыстық болуы мүмкін.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз
немесе айырып-қоқышты
ажыратыңыз.
Артқы шам
Шамның қалпағы
тұмшапеш корпусының
артқы жағында.
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамын 300 °C градус
қызуға төзімді, тұмшапеш
шамымен ауыстырыңыз.
www.electrolux.com28
Kommentare zu diesen Handbüchern