Electrolux EKK511510X Bedienungsanleitung Seite 5

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 28
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 4
Қақпақты əрқашан таза ұстаңыз.
Қақпақты жаппай тұрып, құрылғының
суығанына көз жеткізіңіз.
Ыстық қақпақ шытынап кетуі мүмкін.
Күту менен тазалау
Жуып-тазалардың алдында
құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі бар. Шыны
панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
Құрылғыны
үнемі тазалап отырса,
оның беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін
құрылғыны тек сабынды сумен
жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе
тот басуына себеп болатын заттарды
қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын,
жоғары қысыммен тазалайтын
құралдармен, өткір, түрпілі тазартқыш
заттармен, түрпілі жөкелермен жəне
дақ кетіргіштермен тазаламаңыз
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен
термостат сенсорына ешбір затты
бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің
қызуға төзімді беті сынуы немесе
шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру
керек. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы
құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай жарықтандыру үшін
қолдануға болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса,
қуаты дəл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі
бар. Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп
қалу қаупі бар.
Қызмет
көрсету орталығы
Тек уəкілетті техниктің ғана
құрылғыны жөндеуіне немесе оған
қатысты жұмысты орындауына
болады. Уəкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Орнату
Бұл құрылғыны тек уəкілетті маман
ғана орнатып, желіге қосып немесе
жөндеуге тиіс.
Құрылғы қолданылатын елдегі заң
күшіне ие заңдар, қаулылар,
ережелер мен
стандарттарды(қауіпсіздік
нұсқаулары, қалдықтарды қайта
өңдеу бойынша
ережелер, электр
жəне/не газ қауіпсіздігі ережелері
т.с.с.) мұқият орындаңыз!
Орнату нұсқауларын орындамасаңыз,
ақаулық орын алған жағдайда
кепілдік заңды күшке ие болмай
қалады.
Құрылғыны тасымалдаған кезде еш
жерінің бүлінбегенін тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан желіге
қоспаңыз. Қажет болса, құрылғыны
сатқан жерге хабарласыңыз.
Құрылғыны тез тұтанатын заттарға
(мысалы, терезе пердесі, сүлгі т.б
.)
таятып орнатудан қашық болыңыз.
Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам
материалдарының барлығын алыңыз.
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Əрқашан қауіпсіздік қолғабын киіңіз.
Құрылғыны ешқашан тұтқасынан
немесе үстіңгі жағынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум арақашықтықты
сақтаңыз!
electrolux 5
Seitenansicht 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 27 28

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare