
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны
бумен тазалағыш немесе жоғары
қысыммен тазалағыш құралдармен
тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын!
Түрпілі тазартқыш, болат сымнан
жасалған ысқыш немесе
қышқылдарды қолданбаңыз, олар
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
• Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы
мен шілтерін тазалау үшін жылы сабын
сумен жуыңыз.
• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
• Ыдыс тірегіштер ыдыс жуғыш машинада
жууға төзімді емес; оларды қолмен жуу
керек.
• Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын
дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
7. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
7.1 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
1.
Тұмшапеш функцияларын басқару тетігін
тұмшапеш функциясына бұраңыз.
2.
Температураны басқару түймешігін
температураға бұраңыз.
Температура индикаторы жанады да,
құрылғының ішіндегі температура
артады.
3.
Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін бұраңыз да,
температура басқару тетігін Off қалпына
қойыңыз.
7.2 Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету тәрізді
қатерлі жағдайдың алдын алу үшін қуатты үзіп
тастайтын қауіпсіздік терморелесімен
жабдықталған. Температурасы төмендеген
кезде пеш автоматты түрде қайта қосылады.
7.3 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолдану
OFF (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөніп тұр.
Тұмшапештің
шамы
Ешқандай пісіру функциясыз жанып тұрады.
10
www.electrolux.com
Kommentare zu diesen Handbüchern