Electrolux ERC24010W Grundlegende Anleitung Seite 15

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 72
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 14
суырма(лар)ішіндегі температураны
реттейтін құралы бар.
Желдеткіш саңылаулар жабық тұрғанда:
жеміс-жидек пен көкөніс салынатын
суырмадағы тағамдардың құрамындағы
табиғи ылғал ұзақ сақталады.
Желдеткіш саңылауларды ашқан кезде:
ауасының ылғалдылығы аз жеміс-жидек пен
көкөніс салынатын суырмадағы ауа
айналымы жақсара түседі.
Күту менен тазалау
Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу
жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны
электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны
қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана
жүзеге асыруға тиіс.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың құрамында осы
құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге
зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы корпусының
сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған
жылы сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнердегі түтікше арқылы жиналады да,
осы жерде буға айналады.
Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне ақпас
үшін тоңазытқыш ортасындағы каналдағы
еріген суды ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл
тазалап отырған дұрыс. Арнайы берілген
тазалағышты пайдаланыңыз, оны су
ағызатын тесіктен таба аласыз.
Мұздатқыш камера мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелер мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде ылғи қырау жиналып тұрады.
Өте маңызды! Қырау қабатының қалыңдығы
шамамен 3-5 мм жеткен кезде мұздатқышты
жібітіңіз.
Қырауды тазалап алу үшін мына әрекеттерді
орындаңыз:
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Ішінде сақталып тұрған тағамды алып,
бірнеше қабат газетке ораңыз да, салқын
жерге қойыңыз.
3. Есікті ашық қалдырыңыз.
electrolux 15
Seitenansicht 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 71 72

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare