
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
Құрылғының бағдарлама таңдау
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса,
тұз сауытын толтырыңыз.
• Шайғыш зат үлестіргіште
шайғыш заттың болуын
қамтамасыз етіңіз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай дұрыс орнатыңыз да, іске
қосыңыз.
8.1 Жуғыш затты қолдану
1. (B) босату түймешігін басып,
қақпақты (C) ашыңыз.
2. Ұнтақ немесе таблетка түріндегі
жуғыш құралды (A) бөлігіне
салыңыз.
3. Егер бағдарламаның алдын ала
жуу циклі бар болса, (D) бөлігіне
жуғыш заттан аздап салыңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына
қойылғанына көз жеткізіңіз.
8.2 Аралас жуғыш
таблеткаларды қолдану
Тұз және шайғыш заты бар
таблеткаларды қолданғанда, тұз
сауыты мен шайғыш зат сауытын
толтырмаңыз.
1. Су жұмсартқышты ең төмен мәнге
қойыңыз.
2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
ең төмен мәнге қойыңыз.
8.3 Бағдарламаны орнату
және бастау
Бағдарламаны бастау
1. Құрылғының есігін ашып қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
Құрылғының бағдарлама таңдау
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Бағдарлама түймешігін
таңдағыңыз келген бағдарламаның
индикаторы жанғанша қайта-қайта
басыңыз.
4. Бағдарламаны бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Бұл
қуатты пайдалануға және
бағдарламаның ұзақтығына әсер етуі
мүмкін. Есікті жапқаннан кейін,
құрылғы тоқтаған жерінен бастап
жұмыс істейді.
Бағдарламаны біржола
тоқтату
Бағдарлама түймешігін құрылғы
бағдарламаны таңдау режиміне
қойылғанша басып ұстап тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар алдында,
жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың
бар екеніне көз жеткізіңіз.
www.electrolux.com12
Kommentare zu diesen Handbüchern