
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Спирт, еріткіш немесе
химиялық заттарды
қолданбаңыз.
10.2 Қақты тазалау
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинаға арналған қақ
тазалайтын құралды қолдануды
ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл
тексеріп, әк және тот бөлшектерінің
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір
жуғыш машиналарға арналған арнайы
құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бұны
кір жумай тұрғанда орындаңыз.
Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды
әрқашан орындаңыз.
10.3 Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы
жуғыш зат қалып қоюы мүмкін.
Құрылғыға күтім көрсету үшін
уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
• Барабаннан кірді алыңыз.
• Мақта мата жууға арналған
бағдарламаны, шамалы жуғыш зат
салып ең жоғары температураға
қойып орнатыңыз.
10.4 Есік тығыздағышы
Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп,
ішіндегі заттардың барлығын алыңыз.
10.5 Үлестіргіштің суырмасын
тазалау
Жуғыш ұнтақ пен қоспалар
үлестіргішінің суырмасын мезгіл-мезгіл
тазалап отыру қажет.
1. Қажет болса, машинаны тазалау
үшін жуғыш зат суырмасын тұтас
алып қоюға болады. Тежегіштен
шығару үшін қатты ұстап тұрып
тарту керек.
2. Суырманың ішіндегі түтікшені
тазалау үшін алғыңыз келсе, оны
ішке қарай басып тұрып, жоғары
көтеру керек. Ағып тұрған суға
шайып, жиналып қалған ұнтақ
жуғышты тазалаңыз. Орнына
қойған кезде, "сырт" еткен дыбыс
естілгенше төмен басыңыз.
10.6 Тартпаның ұясын
тазалау
Суырманы алғаннан кейін, оның ұясын
кішкене шөткемен тазалап, ұяның
астыңғы және үстіңгі жағынан жуғыш
ұнтақты кетіріңіз.
www.electrolux.com18
Kommentare zu diesen Handbüchern