
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
Алынған керек-жарақтарды кері
ретпен орнатыңыз.
Сырғытпа жолдардағы
білікшелер алға қарап
тұруға тиіс.
10.5 Каталитпен тазалау
Каталитті қаптамасы бар корпус
өздігінен тазаланады. Ол майды
сіңіреді.
Каталитпен тазалау функциясын қосу
алдында:
• керек-жарақтардың барлығын .
• пештің табанын жылы су мен
жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз.
• есіктің ішкі шынысын жылы су мен
жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
1. Функциясын орнатыңыз.
2. Тұмшапешті 250 °C температураға
қойыңыз да, 1 сағат іске қосыңыз.
3. Пешті сөндіріңіз.
4. Пеш суыған кезде пештің корпусын
дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Каталитті қаптаманың түсінің оңуы не
ондағы дақтар каталитпен тазалауға
еш әсер етпейді.
10.6 Есікті алу және орнату
Тұмшапештің есігінің екі шыны панелі
бар. Тұмшапештің есігін және ішкі
шыны панелін алып тазалауға болады.
Шыны панельдерді алу алдында
"Есікті алу және орнату” тармағындағы
нұсқауды толық оқыңыз.
Ішкі шыны панельді
тұмшапештің есігін алмай
тұрып алғыңыз келсе,
пештің есігі жабылып
қалуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Пешті ішкі шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
1. Есікті толық ашыңыз да, есіктің оң
жағындағы топсаны табыңыз.
2. Оң жақ топсаның тетігін көтеріп,
бұрау үшін бұранда бұрағышты
пайдаланыңыз.
3. Есіктің сол жағындағы топсаны
табыңыз.
4. Сол жақ топсадағы тетікті көтеріңіз
және бұраңыз.
ҚАЗАҚ 25
Kommentare zu diesen Handbüchern