Electrolux EOB68200X Kochbuch Seite 31

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 36
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 30
Туралған пияз бен сары майды табаға
салып, пияздың түсі кеткенше әлсіз отта
пісіріңіз. Туралған шпинат жапырағын
салыңыз да, әлсіз отта аз уақыт пісіріңіз.
Қаймақ қосып араластырыңыз да,
суытып қойыңыз.
Арасында бешамель тұздығын
дайындаңыз: Сары майды табада
ерітіңіз, ұн қосып, үзбестен араластыра
отырып, сарғылт тартқанша пісіріңіз.
Үзбей араластыра отырып біртіндеп сүт
құйыңыз. Тұздыққа тұз, бұрыш пен
мускат жаңғағын қосыңыз да, қақпағын
жаппай шамамен 10 минут қайнатыңыз.
Албырт балық, алабұға етін, асшаян мен
мидия етін, тұз бен бұрышты суыған
шпинатқа қосып араластырыңыз.
Пешке төзімді төртбұрышты үлкен
ыдысты 1 ас қасық сары маймен
майлаңыз.
Каннеллонидің ішіне пинат қоспасын
толтырып, пісірме табаққа салыңыз.
Бешамель тұздығын каннеллонидің әр
қабатының арасына құйыңыз. Ірімшік
себілген бешамель тұздығының қабаты
соңғы қабат болуға тиіс. Қалған сары
майды ұсақ кесектерге бөліп, тағамның
үстінен салыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 55 минут
Пеш деңгейі: 1
Potato Gratin
Құрамы:
1000 г картоп
1 шай қасық тұз, бұрыш және мускат
жаңғағы
•2 түйір сарымсақ
200 г үгітілген ірімшік
•3 жұмыртқа
100 мл сүт
250 мл кілегей
4 ас қасық сары май
Дайындау әдісі:
Картоптың қабығын аршып, жұқалап
тураңыз, құрғатыңыз да, дәмдеуіш
қосыңыз.
Пешке төзімді ыдыстың ішін сарымсақ
түйірімен ысқылаңыз да, ыдысты
аздаған сары маймен майлаңыз.
Дәмдеуіш қосылған картоп тілімдерінің
жартысын ыдысқа таратып салыңыз да,
үстіне үгітілген ірімшіктен шамалап
себіңіз. Осының үстіне қалған картоп
тілімдерін салып, үгітілген ірімшіктің
қалғанын таратып себіңіз.
Сарымсақтың екінші түйірін жаншып,
жұмыртқа, сүт және кілегеймен бірге
шайқаңыз. Қоспаны картоптың үстіне
құйыңыз да, қалған сары майды ұсақ
кесектерге бөліп гратиннің үстіне
таратып салыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 65 минут
–Пеш деңгейі: 1
Moussaka
Құрамы:
1 туралған пияз
•зәйтүн майы
•1,5 кг тартылған ет
1 қалбырдағы туралған қызанақ
50 г үгітілген эмменталь ірімшігі
4 шай қасық нан үгіндісі
тұз бен бұрыш
•дәмқабық
1 кг картоп
1,5 кг баклажан
қуыратын сары май
Бешамель тұздығына арналған
құраластар:
75 г сары май
50 г ұн
500 мл сүт
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Төмендегілермен араластырыңыз:
150 г үгітілген эмменталь ірімшігі
4 ас қасық нан үгіндісі
50 г сары май
Дайындау әдісі:
Туралған пиязды аздаған зәйтүн майына
қуырыңыз, сосын тартылған етті салып,
араластыра отырып қуырыңыз.
Туралған қызанақты, үгітілген
эмменталь ірімшігін және нан үгіндісін
қосыңыз, жақсылап араластырып,
қайнатыңыз. Содан кейін тұз, бұрыш
және дәмқабық себіңіз де, ыстық
табақтан алыңыз.
Картоптың қабығын аршып, қалыңдығын
1 см етіп тураңыз, баклажанды жуыңыз
да, қалыңдығын 1 см етіп тураңыз.
Барлық тілімдерді майлық қағазбен
құрғатыңыз. Содан кейін сары майды
мол салып, қызарғанша қуырыңыз.
Арасында бешамель тұздығын
дайындаңыз: сары майды табада
ерітіңіз, ұн қосып, үзбестен араластыра
electrolux 31
Seitenansicht 30
1 2 ... 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare