Electrolux EOB68200X Kochbuch Seite 27

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 36
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 26
кейін жұмыртқаны, қант пен суды қосып,
қамыр илеңіз.
Қамырды тоңазытқышта 2 сағат суытып
қойыңыз. Тоңазыған қамырды жайыңыз
да, май жағылған қайнатпа крем
табағына салып, шанышқымен тесіңіз.
Жемісті тазалаңыз, өзегін, сүйегі мен
дәндерін алып тастаңыз да, кішкене
кесектерге не тілімге бөліп, қамырдың
үстінен салыңыз. Бадамды,
жұмыртқаны, қант пен жібіген сары
майды шараға салыңыз да, шайқаңыз.
Содан кейін үстіне жемісті салып, бетін
тегістеңіз.
Пеш ішіндегі уақыты: 50 минут
Пеш деңгейі: 1
Pizza/Pie/Bread
Pizza
Қамырға арналған құраластар:
•14 г ашытқы
200 мл жылымшы су
300 г ұн
•3 г тұз
1 ас қасық өсімдік майы
Үстін безендіруге арналған құраластар:
1/2 шағын қалбырдағы туралған
қызанақ
200 г үгітілген эмменталь ірімшігі
100 г салями
100 г пісірілген ветчина
150 г саңырауқұлақ (консервіленген)
150 г Фета ірімшігі
орегано
Басқа:
Пісірме табақ, майланған
Дайындау әдісі:
Ашықтыны шараға үгітіп салып,
жылымшы суға езіңіз. Ұнға тұз сеуіп,
араластырыңыз да, оны зәйтүн майымен
бірге шараға салыңыз.
Шараға жабыспайтын қамыр пайда
болғанша құрамдас бөліктерді илеңіз.
Содан кейін қамырдың көлемі екі есе
үлкейгенше жылы жерге қойыңыз.
Қамырды жайыңыз да, майланған
пісірме табаққа салыңыз да, түбін
шанышқымен тесіңіз.
Үстіңгі бетінің құрамдас бөліктерін
берілген ретпен негіздің үстіне салыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 25 минут
Пеш деңгейі: 1
Onion Tart
Қамырға арналған құраластар:
300 г ұн
20 г ашытқы
125 мл жылымшы сүт
•1 жұмыртқа
50 г сары май
Үстін безендіруге арналған құраластар:
750 г пияз
250 г бекон
•3 жұмыртқа
250 г қаймақ
125 мл сүт
1 шай қасық тұз
1/2 шай үгітілген бұрыш
Дайындау әдісі:
Ұнды араластыратын шараға елеп,
ортасынан шұңқыр жасаңыз.
Ашытқыны кесіп, оны сүт және шамалы
ұнмен бірге сол шұңқырға салыңыз да,
шұңқырдың шетіндегі ұнмен
араластырыңыз. Үстіне ұн сеуіп, жылы
жерде себілген ұнда жарықшалар пайда
болғанша тындырып қойыңыз.
Жұмыртқа мен сары майды ұнның
шетіне салыңыз. Құрамдас бөліктердің
барлығын ашытқылы қамырға қосып
илеңіз.
Қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше
жылы жерге қойыңыз.
Қамыр көтерілгенше пиязды аршып,
төртке бөліңіз де, жіңішкелеп тураңыз.
Беконды текшелеп турап, пісірме
табаққа пиязбен бірге пияз түссіз
тартқанша баяу отқа пісіріңіз де, суытып
қойыңыз.
Қамырды жайыңыз да, майланған
пісірме табаққа салыңыз, түбін
шанышқымен тесіп, жиектерін
биіктетіңіз. Көтерілуі үшін тағы
тындырып қойыңыз.
Жұмыртқа, қаймақ, сүт, тұз бен бұрышты
қосып араластырыңыз. Суыған пияз бен
беконды қоспаға қосыңыз. Барлығын
қосып араластырыңыз да, қамырдың
үстінен салып, бетін тегістеңіз.
Пеш ішіндегі уақыты: 45 минут
–Пеш деңгейі: 1
Quiche Lorraine
Қамырға арналған құраластар:
200 г ұн
electrolux 27
Seitenansicht 26
1 2 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 ... 35 36

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare