Electrolux ESF9452LOW Bedienungsanleitung Seite 17

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 76
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 16
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Cуы кермек және өте кермек
аймақтарда жуу және кептіру
нәтижесін барынша жақсарту үшін
жеке жуғыш (қосымша
функциялары жоқ ұнтақты, гельді,
таблеткаларды), шайғыш затты
және тұзды жеке-жеке
пайдаланыңыз.
Кем дегенде айында бір рет
құрылғыны құрылғы жууға арналған
заттан құйып, іске қосыңыз.
Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді.
Жуғыш заттардың қалдықтары
ыдыстарға тұрып қалмас үшін
жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ
бағдарламаларды қолдануды
ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш
заттың орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
10.3 Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз
келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш
заттарды жеке-жеке пайдалану
алдында келесі әрекетті орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат
сауыттарының толы екеніне көз
жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
зат қоспаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
6. Шайғыш зат үлестіргіші бос
индикаторын қосу.
10.4 Себеттерді толтыру
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш
машинада жууға болатын заттарды
жуу үшін ғана пайдаланыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы
және мыстан жасалған заттарды
құрылғыға салып жумаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды
(жөке, ас үй шүберектері) жумаңыз.
Ыдыстардағы үлкен тағам
қалдықтарын алыңыз.
Күйіп кеткен тағам қалдықтары
жабысқан ыдыстарды құрылғымен
жуу алдында жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (кесе, стакан
және кәстрөл) ернеуін төмен
қаратып салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбеңіз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке
салыңыз. Заттарды оңай жылжып
кетпейтін етіп салыңыз.
Ас құралдары мен кішкене
заттарды ас құралдары себетіне
салыңыз.
Бағдарламаны қосу алдында
бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
10.5 Бағдарламаны бастау
алдында
Таңдалған бағдарламаны бастау
алдында мынаны тексеріңіз:
Сүзгілердің таза екенін және
орнатылып тұрғанын.
Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
Бүріккіш түтіктердің бітеліп
қалмағанын.
Тұз бен жуғыш заттың жеткілікті
екенін (егер көп функциялы
таблетканы пайдаланбасаңыз).
Заттардың себеттерге дұрыс
салынып тұрғанын.
Бағдарламаның салынған ыдыс
түріне және ластану дәрежесіне сай
екенін.
Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
10.6 Себеттерді босату
1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін
ғана құрылғыдан алыңыз. Ыстық
заттар осал келеді.
2. Әуелі астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі заттарды
алыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Seitenansicht 16
1 2 ... 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 ... 75 76

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare