
1
2
7.
Шыны панельді еппен көтеріп (1-ші
қадам) орнынан (2-ші қадам) алыңыз.
8.
Шыны панельді сабын сумен жуыңыз.
Шыны панельді жақсылап құрғатыңыз.
Есік пен шыны панельді орнату
Тазалап болғаннан кейін шыны панель мен
тұмшапеш есігін орнатыңыз. Жоғарыдағы
қадамдарды кері ретпен орындаңыз.
Бедері бар жағы есіктің ішкі жағына қарап
тұруға тиіс. Орнатып болғаннан кейін шыны
панельдің жақтауының бедері бар беткі жағы
қолмен ұстағанда бұдыр болмауға тиіс.
Ішкі шыны панельді орнына дұрыс
салғаныңызға көз жеткізіңіз. Суретке қараңыз.
11.3 Тартпаны алу
Тұмшапештің астындағы тартпаны оңай
тазалау үшін алуға болады.
Тартпаны алу
1.
Тартпаны тоқтағанша бері қарай
тартыңыз.
2.
Суырманы баяу көтеріңіз.
3.
Суырманы түгел алып шығыңыз.
Суырманы салу
Суырманы салу үшін жоғарыда көрсетілген
әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
Назарыңызда болсын!
Тұтанғыш заттарды (мысалы,
тазартқыш заттар, пластик
қапшықтар, тұмшапеш қолғабы, қағаз
немесе бүріккіштер т.с.с. сияқты)
суырмада сақтамаңыз. Тұмшапешті
қолданған кезде суырма қызып кетуі
мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
11.4 Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын!
Тұмшапештің шамын ауыстырған
кезде абай болыңыз. Шамды
ауыстырар алдында әрқашан
құрылғыны сөндіріп қойыңыз. Электр
тоғына түсу қаупі бар.
ҚАЗАҚ 21
Kommentare zu diesen Handbüchern