• Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын жаппаңыз. Олар
тұмшапештің артқы жағының үстін
ала орналасқан (егер бар болса).
• Еріп кетуі мүмкін нəрсені пештің
үстіне қоймаңыз.
• Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі
төгілмес үшін пішімі мен диаметрі
дұрыс, орнықты ыдысты қолданыңыз.
Күйіп қалу қаупі бар.
ҚАҚПАҚ
• Жабық тұрған қақпақ құрылғыны
шаңнан қорғайды, ашық тұрғанда
шашыраған майды жинайды. Оны
басқа
мақсатта пайдаланбаңыз.
• Қақпақты əрқашан таза ұстаңыз.
• Қақпақтың бетіндегі ластықты
əрқашан қақпақты ашпай тұрып
тазалаңыз.
• Пештің үсті мен тұмшапеш əбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
• Шыны қақпақтар ыстық тұрған кезде
шытынап кетуі мүмкін. Қақпақты
оттықтардың барлығын сөндіргеннен
кейін жабыңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
• Жуып-тазалардың алдында
құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі бар. Шыны
панелі
сынып қалуы мүмкін.
• Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
• Құрылғыны үнемі тазалап отырса,
оның беткі қабаты бүлінбейді.
• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін
құрылғыны тек сабынды сумен
жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе
тот басуына себеп болатын заттарды
қолданбаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын,
жоғары
қысыммен тазалайтын
құралдармен, өткір, түрпілі тазартқыш
заттармен, түрпілі жөкелермен жəне
дақ кетіргіштермен тазаламаңыз
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оны өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз. Қыздырғыш элементтері
мен термостат сенсорына
(қолданылатын болса) ешбір зат
бүрікпеңіз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің
қызуға төзімді беті сынуы немесе
шытынауы мүмкін.
• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып
қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру
керек. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай жарықтандыру үшін
қолдануға болмайды.
• Егер шамды ауыстыру қажет болса,
қуаты дəл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.
• Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі
бар. Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп
қалу қаупі бар.
• Каталитті эмальды тазаламаңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
• Тек уəкілетті техниктің ғана
құрылғыны жөндеуіне немесе оған
қатысты жұмысты орындауына
болады. Уəкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
• Адам жарақаттанып
немесе мүлікке
зиян келмес үшін:
– Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
– Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Бұл кішкентай балалардың немесе
үй жануарларының құрылғының
ішіне кіріп, қамалып қалуына жол
бермейді. Тұншығып қалу қаупі бар.
electrolux 5
Kommentare zu diesen Handbüchern