
2
Нұсқауларды пайдалану
бойынша ұсыныстар
Осы нұсқаулық мəтінінде кездесетін төмендегі белгішелер
нұсқаулармен танысу барысында бағдар көрсетіп
отырады:
Қауіпсіздік нұсқаулары
Пеш жұмысына қатысты қадамдық нұсқаулар
Ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты мəлімет
Бұл нұсқаулар осы нұсқаулық кітапша мұқабасының сыртында белгішелер арқылы көрсетілген
елдерге ғана арналған.
Пайдалану кезінде
• Бұл құрылғы тек ересек адамдардың пайдалануына
арналған, балалар тек үлкендердің бақылауымен ғана
қолдана алады. Балаларға құрылғыны басқаратын
құралдарға жолауға немесе пешпен не оның қасында
ойнауға РҰҚСАТ БЕРМЕУ керек.
• Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса
ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына
қатысты тəжірибесі мен білімінің аздығына байланысты
пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды
алмайынша не олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
• Бұл құрылғы тек жеуге келетін тағам түрлерін пісіруге
арналып жасалған жəне оны тек үйде ғана қолдану
қажет. Пешті басқа ешбір мақсатта қолдануға
болмайды.
• Құрылғы сипатына қандай да бір өзгеріс енгізу қатерлі
жағдайға əкеледі.
• Бұл пешті тазалық сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз
ету үшін əрқашан таза ұстау қажет. Пеште жиналып
қалған май не тағам өрт қатерін тудыруы мүмкін.
• Пеш
іске қосылып тұрғанда, оның қол жетер бөлшектері
ысып тұруы мұмкін. Пеш суығанша балаларды одан
АЛЫС ҰСТАУ керек.
• Құрылғыны ешқашан өзіңіз жөндеуге əрекеттенбеңіз.
Тəжірибесіз адам жүргізген жөндеу жұмыстары адамды
жарақаттауы немесе елеулі ақаулықтар тудыруы
мүмкін. Zanussi компаниясының жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз. Əрқашан Zanussi
фирмалық бөлшектерін қолдануды талап етіңіз.
• Пеш іске қосылмай тұрғанда басқару түймешелерінің
барлығын міндетті түрде OFF(өшіру)қалпына қоюды
ұмытпаңыз.
• Осы пештің қасында орналасқан розеткаға қандай
да бір
электр құрылғысын жалғасаңыз, электр сымдарының
пешке тимей тұрғанына жəне олардың пештің қызып
тұрған элементтерінен алыс тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, электр желісінен
ағытыңыз.
Орнату, тазалау жəне күтім көрсету туралы
ақпарат
• Орнатуға қатысты жұмыстардың барлығын міндетті
түрде уəкілетті жəне білікті техник қолданыстағы
ережелер мен талаптарға сай жүзеге асыруға тиіс.
ҚАЗАҚ
Өз қауіпсіздігіңіз үшін
Бұл ескертулер қауіпсіздік мақсатында берілген. Құрылғыны орнатып не пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты
міндетті мұқият оқып шығуға ТИІССІЗ.
Осы нұсқаулықты келешекте де пайдалану үшін құрылғымен бірге сақтап қойғанның маңызы аса зор.
Егер құрылғы сатылса не басқа адамға берілсе, оның жаңа иесі құрылғының функцияларымен танысып,
оған қатысты қауіпсіздік шараларынан да хабардар болуы үшін, нұсқаулықты да əрқашан бірге беруді
ескеріңіз
.
• Тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын жүзеге
асырмас бұрын, құрылғыны əрқашан электр желісінен
ағытып отырыңыз.
• Құрылғының барлық орам материалдарын алып
тастаған соң оның еш жерінің бүлінбегенін жəне
электр сымына еш нұқсан келмегенін тексеріп
алыңыз. Қандай да бір бүлінушіліктің орын алғанын
байқасаңыз, құрылғыны орнатпас бұрын өз дилеріңізге
хабарласыңыз.
• Қауіпсіздік шаралары толық
жүзеге асырылмаған
жағдайда, өндіруші өз мойнына ешқандай
жауапкершілік алмайды.
Өнімнің бетіндегі немесе оның орамындағы
белгішесі, оны тұрмыстық қалдық ретінде тастауға
болмайтынын көрсетеді. Оның орнына пешті электр жəне
электрондық жабдықтарды қайта өңдеуден өткізу үшін
жинайтын орталыққа тапсыру керек. Осы құрылғыны
дұрыс тастау арқылы, құрылғы дұрыс тасталмаған
жағдайда қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына
төнуі ықтимал қатерлі жағдайлардың алдын алуға өз
үлесіңізді қосасыз. Осы құрылғыны қайта өңдеуден өткізуге
қатысты егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін жергілікті қала
əкімшілігіне, тұрмыстық қалдықтарды тастау қызметіне
немесе осы өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Kommentare zu diesen Handbüchern