
ТҰМШАПЕШТІҢ ШЫНЫ
ПАНЕЛЬДЕРІН ТАЗАЛАУ
Өнімнің есігіндегі шынының түсі мен
пішімі суретте көрсетілгеннен өзгеше
болуы мүмкін. Шынылардың саны да
басқа болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Шыны есікті тазаламас бұрын, шыны
панельдердің салқын болуын
тексеріңіз. Шыны панель сынып
қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Есіктің шыны қабаттары зақымданса
немесе оларға сызат түссе, осал
болуы және сынып кетуі мүмкін.
Бұндай жағдайдың алдын алу үшін
оларды ауыстыру қажет. Қосымша
нұсқауларды жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласып
алыңыз.
Шыныны алу:
1
2
1.
Есікті шегіне дейін ашыңыз.
2.
Сырғыманы сырт еткен дыбыс шыққанша
жылжытыңыз.
3.
Есікті сырғыма бекітілгенше жабыңыз.
1
2
1
4.
Есік жақтаушасының жоғарғы жағын қос
қолмен екі жағынан ұстаңыз да,
ысырманы босату үшін ішке қарай
басыңыз.
5.
Есікті босату үшін оның жақтаушасын
алға қарай тартыңыз.
6.
Шыны панельдерді алыңыз.
Панельдерді салу үшін жоғарыда көрсетілген
әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Алмалы шыны панельдердің бір жақ
бетінде таңбасы бар. Осы таңбаның
үстіңгі сол жақ бұрышта болуын
қамтамасыз етіңіз.
ТҰМШАПЕШТІҢ ШАМЫ
Назарыңызда болсын!
Тұмшапештің шамын ауыстырар
кезде абай болыңыз. Электр тоғы
соғу қаупі бар.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында:
• Тұмшапешті сөндіріңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
76
www.electrolux.com
Kommentare zu diesen Handbüchern