Electrolux EKK511510X Bedienungsanleitung Seite 5

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 28
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 4
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі
бар.
Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін
әрқашан "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа және пештің
үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ құласа,
оны бүлдіруі мүмкін.
Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын
қоймаңыз, себебі қызудың әсерінен
құрылғы бүлінуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп
алмас үшін, керек-жарақтарды алып-
салғанда абай болыңыз.
Шойыннан, құйма алюминийден жасалған
не түбіне бүлінген ыдысты әрі-бері
сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат түсуі
мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір затты тура
қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш
заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана
қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын саңылауларын
жаппаңыз. Олар тұмшапештің артқы
жағының үстін ала орналасқан (егер бар
болса).
Еріп кетуі мүмкін нәрсені пештің үстіне
қоймаңыз.
Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі
төгілмес үшін пішімі мен диаметрі дұрыс,
орнықты ыдысты қолданыңыз. Күйіп қалу
қаупі бар.
1.7 Қақпақ
Қақпақтың техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.
Қақпақтың бетіне нәрсе шашыраған кезде
ашпаңыз.
Пештің үсті мен тұмшапеш әбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
Шыны қақпақ (егер бар болса) жарылып
кетуі мүмкін.
1.8 Күту менен тазалау
Жуып-тазалардың алдында құрылғының
суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі
бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам қалдықтары
өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның
беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және
мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны тек
сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш
заттарды немесе тот басуына себеп
болатын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдармен, өткір,
түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі
жөкелермен және дақ кетіргіштермен
тазаламаңыз
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен термостат
сенсорына (қолданылатын болса) ешбір зат
бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе
металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы
немесе шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе,
босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды
міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған. Оларды
бөлмені жартылай немесе толықтай
жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
ҚАЗАҚ 5
Seitenansicht 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 27 28

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare