
4. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
4.1 Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын!
Ас үйде ашық отты пайдаланған
кезде өте абай болыңыз. Жалынды
дұрыс пайдаланбау салдарына
өндіруші ешбір жауапты емес.
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1.
Қажетті оттықтың тетігін шегіне дейін
басып, ең жоғары мәнге
қойыңыз.
Тетікті басқан кезде тұтату генераторы
өздігінен қосылады.
2.
Тетікті шамамен 10 секунд басып ұстап
тұрыңыз. Сонда термоэлемент жылиды.
Бұлай істемеген жағдайда газ беріліміне
кедергі келеді.
3.
От бірқалыпты жанғаннан кейін, оның
жалынын реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық
жанбаса, оның шілтері мен
қақпағының дұрыс тұрғанын
тексеріңіз.
A
B
C
D
A)
Оттық табақшасы
B)
Оттық шілтері
C)
От алдырғыш
D)
Термореле
Назарыңызда болсын!
Басқару тетігін 15 секундтан артық
басып тұрмаңыз.
Егер оттық 15 секундтан кейін
жанбаса, басқару тетігін босатыңыз,
оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да, кем
дегенде 1 минуттан кейін оттықты
тағы бір рет жағып көріңіз.
Оттықты электр құралын қолданбай
жағуға болады (мысалы, ас үйде
электр қуаты болмаған кезде). Ол
үшін, жалынды оттыққа жақын әкеліп,
тиісті басқару түймешесін басыңыз
да, оны сағат тілінің бағытына қарсы
ең көп газ шығару қалпына бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат
үзілісінен кейін электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы өздігінен
іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
4.2 Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына белгіге
бұраңыз:
.
Назарыңызда болсын!
Кәстрөлдерді оттықтан алардан
бұрын үнемі отты азайтыңыз немесе
сөндіріп қойыңыз.
8
www.electrolux.com
Kommentare zu diesen Handbüchern