
Сағат функциясы Қолданылуы
Тəулік уақыты Уақытты көрсетеді. Уақытты орнатуға, өзгертуге немесе
тексеруге арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған.
Уақыт біткен кезде дыбыстық сигнал естіледі.
Бұл функция пештің қызметіне əсер етпейді.
Ұзақтығы Пештің қаншалықты ұзақ жұмыс істеуге тиіс екенін көрсетуге
арналған.
Соңы Пеш функциясын өшіру уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық пен Соңы
функциясын, пеш кейінірек
автоматты түрде қосылып не
ажыратылуға тиіс болса қатар
пайдалануға болады. Бұндай
жағдайда алдымен Ұзақтық
параметрін, содан кейін Соңы
параметрін орнатыңыз.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті
функцияның шамы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2. "-" түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат
функциясы өшеді.
ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Пештің керек-жарақтарын салу
Пештің сырғымалы керек-
жарақтарының қос қырлы ұштарын
пештің артқы жағына келтіріп, төмен
қаратып салыңыз. Пештің сырғымалы
керек-жарақтарын пеш қатарларының
біріндегі бағыттағыш жолдарға келтіріп
салыңыз.
Пеш сөресі мен қуыру табасын қатар
орналастыру
Пештің сөресін қуыру табасының үстіне
қойыңыз. Шұңғыл табаны тұмшапеш
деңгейлерінің біріндегі бағыттағыш
жолдарға келтіріп салыңыз.
Телескопиялық сөре сырғытпалары
Телескопиялық сөре сырғытпаларымен
сөрелерді барынша оңай салуға жəне
алуға болады.
1. Оң жəне сол жақтағы телескопиялық
сырғытпаларды тартып шығарыңыз.
electrolux 11
Kommentare zu diesen Handbüchern