
DrinksChill индикаторы көрсетіледі.
Таймер орнатылған мәнді көрсетеді (30
минут).
2.
Таймердің орнатылған мәнін 1 мен 90
минут аралығында өзгерту үшін
"Суығырақ температура" түймешігі және
"Жылырақ температура" түймешігін
басыңыз.
3.
Таймер жыпылықтай бастайды (min).
Кері санақ аяқталған кезде DrinksChill
индикаторы жыпылықтайды да, дыбысты
сигнал естіледі:
1.
Мұздатқыш камерадағы сусындарды
алыңыз.
2.
Дыбыстық сигналды сөндіру және
функцияны біржола тоқтату үшін
DrinkChill түймешігін басыңыз.
Функцияны кері санақ орындалып тұрған
кезде, кез келген уақытта ажыратуға болады.
1.
DrinkChillтүймешігін басыңыз.
2.
DrinksChill индикаторы сөнеді.
"Суығырақ температура" түймешігі мен
"Жылырақ температура" түймешігін басып,
уақытты кері санақ орындалып тұрған кезде
және аяқталған кезде өзгертуге болады.
3.11 ShoppingMode
Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-
түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе,
тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес
үшін ShoppingMode функциясын іске қосуды
ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
ShoppingMode функциясы шамамен 6
сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай
тұрып өшіру үшін:
1.
Басқа функция таңдау үшін Mode
түймешігін басыңыз не тиісті белгілердің
ешқайсысы көрінбей кеткенше Mode
түймешігін басыңыз.
Функция тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдаған кезде ажыратылады.
3.12 FastFreeze режимі
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.
2.
Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Бұл функция 52 сағаттан кейін өздігінен
тоқтайды.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай
тұрып өшіру үшін:
Басқа функцияны таңдау үшін Mode
түймешігін басыңыз немесе тиісті белгілердің
ешқайсысы көрінбей кеткенше Mode
түймешігін басыңыз.
Функция мұздатқыштың басқа
орнатылған температурасын таңдау
арқылы ажыратылады.
3.13 Қосымша ылғалдылық режимі
Тоңазытқыштың ылғалдылығын арттыру
керек болса, Қосымша ылғалдылық
функциясын іске қосуды ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Функцияны сөндіру үшін:
Басқа функция таңдау үшін Mode түймешігін
басыңыз немесе тиісті белгілердің ешқайсысы
көрінбей кеткенше Mode түймешігін басыңыз.
3.14 Жоғары температураны
ескерту сигналы
Мұздатқыш камера температурасының
көтерілуі (мысалы, электр қуатының өшуіне
байланысты) төмендегілер арқылы
көрсетіледі:
• ескерту сигналы мен мұздатқыш
температурасының индикаторлары
жыпылықтайды
• дыбыстық сигнал естіледі.
Ескерту сигналын қалпына келтіру үшін:
1.
Кез келген түймешікті басыңыз.
2.
Дыбыстық сигнал ажыратылады.
3.
Мұздатқыш температурасының
индикаторы ең жоғары температураны
бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін
қайта орнатылған температураны
көрсетеді.
4.
Ескерту индикаторы қалыпты жағдайлар
қалпына келгенше жыпылықтап тұрады.
Ескерту сигналы тоқтаған кезде, ескерту
индикаторы сөнеді.
ҚАЗАҚ 9
Kommentare zu diesen Handbüchern