
ашық болғанда автоматты түрде іске
қосылады.
Функцияны қолмен іске қосу үшін
FreeStore режимі пернесін басыңыз.
Бұл функция құрылғының есігі
ашылғанда ғана тоқтайды.
Функцияны сөндіру үшін FreeStore
режимі пернесін басыңыз.
3.9 DrinksChill режимі
DrinksChill режимі мұздатқыш бөлікке
шөлмектерді тездетіп салқындату үшін
қойған кезде қолданылатын қауіпсіздік
таймері болып табылады. Әдетте,
таймер 30 минутқа қойылып тұрады
да, бір минутқа тең интервал бойынша
кері санай бастайды.
DrinksChill пернесін басыңыз.
Таймер іске қосылады.
Ескерту сигналын сөндіру үшін
DrinksChill түймешігін басыңыз.
3.10 Holiday режимі
Holiday режимі тоңазытқышты ұзақ
уақыт бойы қолданбағанда (мысалы,
демалысқа кеткенде) қуат мөлшерін
үнемдеуге көмектеседі және
құрылғының ішінде зең мен жағымсыз
иістің пайда болуына жол бермейді.
Тоңазытқыш бөліктің температурасын
+14°C градусқа қойыңыз.
Мұздатқыш бөлік орнатылған
температурада жұмысын
жалғастырады.
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Электртоғына алғаш рет
қосу
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ашаны розеткаға қосу
және құрылғыны алғаш рет
іске қосу алдында,
құрылғыны кем дегенде 4
сағат тігінен қойыңыз.
Сонда май компрессорға
қайтып келуге уақыт
жеткілікті болады. Әйтпесе,
компрессорға немесе
электроникалық
бөлшектерге зақым келуі
мүмкін.
4.2 Мұздатылған тағамды
сақтау
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске қосқан
кезде, тағамды камераға салмай
тұрып, құрылғыны кем дегенде 2 сағат
FastFreeze функциясына қойып іске
қосыңыз. Мұздатқыштың тартпалары
өзіңіз қалайтын, оралған тағамдарды
жылдам әрі жеңіл табуға мүмкіндік
береді. Көп мөлшердегі азық-түлікті
сақтау үшін ауаның алмасуын
жақсарту үшін орнында тұруға тиіс
астыңғы тартпадан басқа барлық
тартпаларды алып тастаңыз.
Сөрелердің барлығына есіктен 15 мм
шығып тұратын тағам салуға болады.
4.3 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Шамалы жаңа тағамды мұздату үшін
орнатылған параметрдің мәнін өзгерту
қажет емес.
Жаңа тағамды мұздату үшін
FastFreeze функциясын,
мұздатылатын тағамды мұздатыш
бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде
24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс тағамды үстіңгі
камераға қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
www.electrolux.com8
Kommentare zu diesen Handbüchern