
10.4 Сөре сырғытпаларын
алу және каталитті
панельдерді алу
Тұмшапешті тазалау үшін сөре
сырғытпалары мен каталитті
панельдерді алыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Сөре сырғытпаларын
алған кезде абай болыңыз.
Каталитті панельдер
тұмшапештің қабырғасына
бекітілмеген және сөре
сырғытпаларын алған
кезде құлап қалуы мүмкін.
1. Сөре сырғытпасының алдыңғы
жағын қабырғадан тартып
шығарыңыз. Сөре сырғытпасының
және каталитті панельдің артқы
жағын екінші қолыңызбен ұстап
тұрыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
Сөре сырғытпаларын кері ретпен
салыңыз.
Сырғытпа жолдардағы
білікшелер алға қарап
тұруға тиіс.
10.5 Каталитпен тазалау
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Каталитті қаптаманы
тұмшапеш бүріккішімен,
түрпілі тазалағыш
заттармен, сабын немесе
басқа жуғыш заттармен
тазаламаңыз. Бұл
каталитті қаптаманы
бүлдіруі мүмкін.
Каталитті қаптаманың
түсінің оңуы немесе
ондағы дақтар каталиттің
сипаттарына еш әсер
етпейді.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тұмшапешті жоғары
температурамен тазалаған
кезде балаларды алыс
ұстаңыз. Тұмшапештің
беткі жағы өте ысып, күйіп
қалу қаупі пайда болады.
Каталитпен тазалау
функциясын қосу алдында
тұмшапештің барлық
керек-жарақтарын алыңыз.
Каталитті қаптамасы бар қабырғалар
өздігінен тазаланады. Бұндай қаптама
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
қабырғаға шашыраған майды сіңіріп
алады.
Өздігінен тазалау үдерісін жеңілдету
үшін бос тұрған құрылғыны мезгіл-
мезгіл қыздырыңыз.
1. Тұмшапештің табанын жылы су
мен жуғыш затты қолданып
тазалап, содан кейін кептіріңіз.
2. функциясын орнатыңыз.
3. Тұмшапешті 250 °C температураға
қойыңыз да, 1 сағат іске қосыңыз.
4. Құрылғы суыған кезде жұмсақ және
ылғалды шүберекпен тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 23
Kommentare zu diesen Handbüchern