Electrolux EOC69400X Bedienungsanleitung Seite 2

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 44
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 1
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері 2
Құрылғының сипаттамасы 4
Пештің электронды бақылау құралдары
7
Қызметі 10
Кестелер және ақыл-кеңес 19
Күтім көрсету 34
Төмендегі жағдайларда не істеу
керек...? 38
Құрылғыны тастау 39
Құрылғы сатылған соң көрсетілетін
қызмет 40
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Электр қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны тек білікті электр
маманы ғана желіге қосуға тиіс .
Құрылғы ақаулыққа ұшырағанда не
оған нұқсан келген жағдайда:
Сақтандырғыштарды алыңыз не
құрылғыны өшіріп қойыңыз.
Осы құрылғыға қатысты жөндеу
жұмыстарын қызмет көрсету
рұқсатына ие уәкілетті мамандар ғана
жүзеге асыруға тиіс . Дұрыс жүзеге
асырылмаған жөндеу жұмыстары
елеулі ақаулықтарға әкеліп соқтыруы
мүмкін. Егер жөндеу жұмыстарын
жүргізу қажет болса, біздің
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығымызға не өз дилеріңізге
хабарласыңыз.
Бала қауіпсіздігі
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде кішкене
балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Бұл құрылғы рұқсат етілмеген
пайдаланудан сақтауға арналған
кілтпен жабдықталған.
Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарасы
Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не құрылғы жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімінің
аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), құрылғыны пайдалану
туралы ерекше нұсқауларды
алмайынша немесе өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Бұл құрылғыны үйде тағам пісіру мен
қуыру үшін ғана қолдану керек.
Бұл құрылғының жанында орналасқан
розеткаларға электр құрылғыларын
қосу барысында сақ болыңыз. Электр
сымдары пештің қызып тұрған есігінің
астында қалып қоймауға тиіс.
Егер пештің ішінде аздап алкоголь
қосылған тағам қоспаларын
қолдансаңыз, нәтижесінде аздап
тұтанғыш келетін алкоголь мен ауа
қоспасы пайда болуы мүмкін. Бұндай
жағдайда есікті ашар кезде сақ
болыңыз. Ашу барысында ешбір жылу,
от ұшқыны не ашық жалын тәрізді қауіп
көздерімен жұмыс істемеу керек.
Назарыңызда болсын! Күйіп қалу
қауіпі бар! Қосылып тұрған пештің іші
ысып тұрады
Акриламидке қатысты ақпарат
Өте маңызды! Соңғы ғылыми білімге
сүйенсек, әсіресе құрамында крахмал
заты бар тағамдарды аса қатты
қызартып пісіру акриламид нәтижесінде
орын алатын денсаулыққа қатерлі
жағдайды тудырады. Сондықтан да,
тағамды мүмкіндігінше төмен
температурада пісіріп, тым қызартпауды
ұсынамыз.
2 electrolux
Seitenansicht 1
1 2 3 4 5 6 7 ... 43 44

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare