
16.2 Қуат үнемдеу
Құрылғының күнделікті тамақ пісіру
кезінде қуат үнемдеуге көмектесетін
мүмкіндіктері бар.
• Жалпылама кеңес
– Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
тұмшапеш есігінің жабық
тұрғанына көз жеткізіңіз және
тағам пісіріп жатқанда есікті
мүмкіндігінше ашпауға
тырысыңыз.
– Қуатты барынша үнемдеу үшін
темір ыдыстарды
пайдаланыңыз.
– Егер мүмкін болса, тағамды
тұмшапешті қыздырмай-ақ сала
беріңіз.
– Тағам пісіретін уақыт 30
минуттан көп болғанда, пісіру
уақыты аяқталмай тұрып, пісіру
уақытының ұзақтығына
байланысты пеш
температурасын 3-10 минутқа
азайтыңыз. Тұмшапештің
ішіндегі қалдық қызу тағам
пісіруді жалғастыра береді.
– Қалдық қызуды басқа
тағамдарды жылыту үшін
пайдаланыңыз.
• Желдеткішті қолданып пісіру -
егер мүмкін болса, қуатты үнемдеу
үшін желдеткіш қолданылатын
пісіру функцияларын
пайдаланыңыз.
• Қалдық қызу
– Кей қыздыру функцияларында
уақытты (Ұзақтық, Аяқтау
уақыты) таңдауға болатын
бағдарлама таңдалып тұрса
және пісіру уақыты 30 минуттан
ұзақ болса, қыздыру
элементтері орнатылған
уақыттан 10% ертерек сөнеді.
Желдеткіш пен шам жұмыс
істеуін жалғастыра береді.
• Шамды сөндіріп қойып пісіру -
шамды тағамды пісіру барысында
сөндіріп, өзіңізге қажет кезде ғана
қосыңыз.
• Тағамды жылы ұстау - қалдық
қызуды тағамды жылы ұстау үшін
қолданғыңыз келсе, ең төменгі
температура параметрін таңдаңыз.
Бейнебетте қалдық қызу
температурасы көрсетіледі.
• Эко функциялар - "Қыздыру
функциялары" тарауын қараңыз.
• Келесі функцияны пайдаланғанда:
Ылғалды желдеткішпен пісіру,
шам 30 секундтан кейін сөнеді.
Функцияны қалауыңызға сәйкес
қайта іске қоса аласыз.
• Эко функцияларды
пайдаланғанда, шам сөнеді.
Функцияны қалауыңызға сәйкес
қайта іске қоса аласыз.
17. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
*
ҚАЗАҚ 39
Kommentare zu diesen Handbüchern