
Мәзір Қосымша
мәзір
Қосымша
мәзір
Сипаттамасы
Түймелерді
блоктандыру
Қосу
Өшіру
Бұл функция басқару құралдары қате
қосылып кетпес үшін түймешіктерді бекітіп
қояды.
Түймешікті басқаннан кейін 15 секунд
өткен соң функция қосылады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
Функцияны уақытша ажыратып қою үшін,
кез келген түймешікті басып ұстап
тұрыңыз. Бейнебетте пайда болатын
хабар құрылғы жұмысы барысында нұсқау
беріп отырады.
Артқа Параметрлер мәзіріне қайта оралу.
Бірінші қолдану
Ыдыс-аяқ жуғышты ең алғаш рет
қолданар алдында:
• Электр көзіне және су жүйелеріне
қосылу жұмыстарының, орнату
нұсқауларына сәйкес жүзеге
асырылғандығына көз жеткізіңіз.
• Бұйымның ішінен барлық
орауыштарды алып тастаңыз
• Суды жұмсартқышты баптаңыз
• Тұз қорапшасының ішіне 1 литр су
құйып, содан кейін ыдыс-аяқ жуғышқа
арналған тұзды салыңыз
• Шаю заттарына арналған қорапшаны
толтырыңыз
Егер таблетка пішіндес, келесі
көрсетілгендегідей құрама жуу
заттарын пайдаланатын болсаңыз:
"3 қасиетке ие 1 зат", "4 қасиетке ие
1 зат", "5 қасиетке ие 1 зат", т.б.,
Multitab функциясы қосыңыз.
("Multitab функциясы" бөлімін
оқыңыз).
Су жұмсартқышты баптаңыз
Ыдыс-аяқ жуғышыңыз, қосылатын судың
құрамындағы машинаға зиян келтірерлік
немесе оның қызметінің тиімділігін
төмендетерлік минералдар мен
тұздарды алып тастауға лайықтап
жасалған суды жұмсартқышпен
жабдықталған.
Осы минералды заттар мен тұздардың
мөлшері неғұрлым көп болса, судың
қатаңдығы да соғұрлым жоғары болады.
Су қатаңдығы балама өлшемдер арқылы
өлшенеді - Германияның өлшемі (°dH),
Францияның өлшемі (°TH) және ммоль/л
(бір литрдегі миллимоль - су қатаңдығын
өлшейтін халықаралық өлшемі).
Суды жұмсартқыш аймағыңыздағы су
қатаңдығына сәйкес лайықтанған болуы
керек. Аймағыңыздағы су қатаңдығы
туралы мәліметтерді жергілікті су
шаруашылығын басқаратын мекемеден
ала аласыз.
Суды жұмсартқыш екі тәсіл арқылы
реттелуге тиіс: су қатаңдығы
деңгейін өзгертетін сандық диск
арқылы қолмен өзгертіледі және
электронды түрде.
Қолмен баптау
Ыдыс жуғыш машинаның өндіруші
орнатқан деңгейі - 2.
1. Ыдыс жуғыш машинаның есігін
ашыңыз.
2. Ыдыс жуғыш машинадан астыңғы
себетті шығарыңыз.
3. Су кермектігі дискісін 1-ші немесе 2-
ші орынға орнатыңыз (кестеге
қараңыз).
4. Астыңғы себетті орнына қойыңыз.
8 electrolux
Kommentare zu diesen Handbüchern