Electrolux ESL46500R Bedienungsanleitung Seite 12

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 52
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 11
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу
бағдарламасын бастау
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.
4. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты
көрсетілгенше қайа-қайта басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау
уақыты жыпылықтайды.
Кешіктіру индикаторы қосылады.
5. Құрылғы есігін жапқан кезде кері
санақ автоматты түрде басталады.
Кері санақ
аяқталған кезде, жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Құрылғы есігі ашылса, кері санақ
кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері
санақ тоқтаған жерінен бастап
жалғасады.
«Кешіктіріп бастау» функциясын
болдырмау
Құрылғы есігі ашық, кері санақ
басталмай тұрса
1. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте жуу бағдарламасының
уақыты көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
Бейнебетте уақыт жыпылықтайды.
2. Құрылғы есігін жабыңыз, жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Егер құрылғы есігі жабық, кері санақ
орындалып
тұрса
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте жуу бағдарламасының
уақыты көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз, жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Жуу бағдарламасын кідірту
Құрылғы есігін ашыңыз.
Жуу бағдарламасы тоқтайды.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы үзілген жерінен
бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
Егер жуу бағдарламасы басталмаса,
параметрді өзгертуіңізге болады
.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрған
кезде параметрді өзгерту үшін
бағдарламаны біржола тоқтату керек.
1. Барлық бағдарлама индикаторлары
жанғанша, (B) жəне (C) функция
түймешіктерін қатар басып ұстап
тұрыңыз.
2. (B) жəне (C) функция түймешіктерін
босатыңыз. Орнатылған жуу
бағдарламасы біржола тоқтайды.
Жаңа жуу бағдарламасын бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасының соңы
Жуу бағдарламасы аяқталған кезде,
үзік-үзік дыбысты сигнал естіледі.
1. Құрылғының есігін ашыңыз,
бейнебетте нөл көрсетіледі.
2. Құрылғыны сөндіріңіз.
3. Кұрғату нəтижесін жақсарту үшін
құрылғы есігін бірнеше минут ашып
қойыңыз.
Себеттердегі ыдыс-аяқтарды
алыңыз
Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан
суығаннан кейін
ғана алыңыз. Ыстық
ыдыстар осал келеді.
Алдымен астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі ыдыстарды
алыңыз.
Құрылғының қабырғалары мен есігіне
су тұруы мүмкін. Тот баспайтын
болат, ыдыс-аяққа қарағанда тез
салқындайды.
12 electrolux
Seitenansicht 11
1 2 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 ... 51 52

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare