
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
4.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдалану
алдында, іші мен барлық ішкі керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе
жеміргіш ұнтақтарды
қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар құрылғының
қаптамасын бүлдіреді.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөліктер жаңа тағам
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған және қатырылған
тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға
жарайды.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Жаңа тағамды мұздату үшін
FastFreeze функциясын іске қосыңыз.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:
осы уақыт аралығында мұздатқыңыз
келген басқа тағамды қосып
салмаңыз.
5.2 Мұздатылған тағамды
сақтау
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске
қосқанда, тағамды бөліктерге салмай
тұрып, құрылғыны кем дегенде 2 сағат,
ең жоғары параметрлерге қойып іске
қосыңыз.
Тағам кенет жібіп кетсе,
мысалы, электр қуатының
ажырауына байланысты,
электр қуаты
"температураның көтерілу"
уақыты кестесінде
көрсетілген уақыттан ұзақ
уақыт сөнсе, жібітілген
тағамды дереу пайдалану
керек немесе пісіріп, содан
кейін қайта мұздату керек
(пісіргеннен кейін).
5.3 Жібіту
Қатты мұздатылған немесе
мұздатылған тағамды пайдалану
алдында уақыттың мүмкіншілігіне
қарай, мұздатқыш бөлікке салып
немесе бөлме температурасында
жібіту керек.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан
алған бетте тура пісіре беруге болады.
бұндай жағдайда пісіру ұзаққа
созылады.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Қалыпты жұмыс шуылы
Жұмыс істеп тұрған кезде келесі
дыбыстардың естілуі қалыпты жағдай:
• Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде көпіршіктенген және
сылдырлаған дыбыс шығуы мүмкін.
• Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде компрессордан діріл және
сылдырдың дыбысы естіледі.
• Қызудың әсерінен пайда болатын
дилатацияға (табиғи және қауіпті
емес физикалық құбылыс)
байланысты құрылғының ішінде
кенет пайда болатын сырт-сырт
еткен дыбыс.
www.electrolux.com8
Kommentare zu diesen Handbüchern