Electrolux EVY7800AAX Kochbuch Seite 8

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 28
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 7
1 шай қасық тұз
1 / 4 шай қасық паприка
50 г нанның жұмсағы
3 - 4 ас қасық сүт
•1 пияз, туралған
1 байлам туралған ақжелкен
20 г сары май
•1 жұмыртқа
тұз бен бұрыш
Дайындау әдісі:
Тауықты тазалап, сорғытыңыз. Өсімдік майын,
тұз бен паприканы араластырып, тауыққа
сіңіріп жағыңыз.
Тауықты толтыру: Нанның жұмсағы мен сүтті
қосып араластырыңыз. Туралған пиязды,
ақжелкен мен сары майды табаға салып
бұқтырыңыз. Жүрегін, бауыры мен қарнын
ұсақтап тураңыз да, жұмыртқа қосыңыз.
Содан кейін барлығын қосып араластырып,
тұз бен бұрыш қосып дәмдеңіз.
Тауықтың төсін қуыратын табаға төмен
қаратып салыңыз да, құрылғыға қойыңыз; 30
минуттан кейін аударыңыз. Дыбысты сигнал
естіледі.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 90 минут
Сөренің орналасуы: 1
Бұзаудың сирағы
Құрамы:
Салмағы 1,5 - 2 кг болатын бұзаудың 1
артқы сирағы
4 кесек піскен шошқа еті
2 ас қасық өсімдік майы
1 шай қасық тұз
1 шай қасық хош иісті тәтті паприка
1 / 2 шай қасық насыбайгүл
1 шағын қалбырдағы туралған
саңырауқұлақ (280 г)
көжеге қосатын көкөніс (сәбіз, қияқты пияз,
балдыркөк, ақжелкен)
•су
Дайындау әдісі:
Бұзау сирағын бойлай 8 тілікті айнала кесіп
шығыңыз. Піскен шошқа етінің төрт бөлігін
екіге бөліңіз де, тіліктерге салыңыз. Өсімдік
майын, тұзды, паприка мен насыбайгүлді
қосып араластырып, бұзау сирағына жағыңыз.
Бұзау сирағын қуыратын қалбырға салыңыз
да, үстіне саңырауқұлақты біркелкі таратып
салыңыз. Бұзаудың сирағына сорпаға
дайындалған көкөністерден салып, су
құйыңыз; ыдыстың түбінен 10 - 15 мм асыру
керек. Шамамен 30 минуттан кейін қуырылып
жатқан етті аударыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 160 минут
Сөренің орналасуы: 1
Жабайы шошқа
Тұздықты дайындау үшін:
1,5 л қызыл шарап
150 г балдыркөк тамыры
150 г сәбіз
•2 пияз
5 лавр жапырағы
•5 қалампыр
2 байлам сорпа көкөнісі (сәбіз, қияқты пияз,
балдыркөк, ақжелкен)
Барлығын бір қайнатып алыңыз да, суытып
қойыңыз.
1,5 кг қабан еті (қол омыртқа)
Тұздықты еттің бетін жапқанша құйыңыз да,
3 күн бойы тұздықта қалдырыңыз.
Қуырылатн етке қосылатын құраластар:
•тұз
•бұрыш
тұздықталған сорпа көкөнісі
1 шағын қалбырдағы түлкішек
Дайындау әдісі:
Қабан етін тұздықтан алыңыз да, сорғытыңыз.
Тұз бен бұрыш себіңіз де, жан-жағы түгел
қызарғанша табаға қуырыңыз. Түлкішектерді
және тұздықталған сорпа көкөністерінің
біразын қосыңыз.
Қуыратын табаға тұздық құйыңыз; табаның
түбінен 10 - 15 мм асыру керек. Табаның
қақпағын жабыңыз да, құрылғының ішіне
қойыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 140 минут
Сөренің орналасуы: 1
Бүтін тауық
Параметрлер:
Автоматты салмақ. 900 және 2100 г
арасындағы салмаққа арналған параметр
ауқымы.
Дайындау әдісі:
Тауық етін ыстыққа төзімді табаға салыңыз
да, татымына қарай дәмдеңіз. Шамамен 30
минуттан кейін етті аударыңыз. Бейнебетте
ескерту пайда болады.
Сөренің орналасуы: 1
8
www.electrolux.com
Seitenansicht 7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 27 28

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare