
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Қалыпты жұмыс кезінде естілетін шуыл
• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы
аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе
көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі
мүмкін. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылып тұрған кезде,
тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да,
компрессордан сырылдаған, сондай-ақ
дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл
дұрыс.
• Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде,
кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық
феномен емес. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылғанда немесе өшкенде,
температура түймешесінің ақырын "сырт"
еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Өлшемі
Биіктігі 850 мм
Ені 550 мм
Тереңдігі 612 мм
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі сол
жағында орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасында және қуат мәндері берілген
жапсырмада көрсетілген.
ОРНАТУ
Сақтандыру туралы ескерту! Құрылғыны
орнатпай тұрып "Қауіпсіздік туралы
ақпаратты" жеке басыңыздың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін және құрылғыны дұрыс
пайдалану үшін мұқият оқып шығыңыз.
Орналастыру
Бұл құрылғыны температурасы құрылғының
техникалық ақпараттар тақтайшасында
көрсетілген климат санатына сай келетін
жерге орналастыру қажет:
electrolux 17
Kommentare zu diesen Handbüchern