
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай
отырып, оны тоңазытқыш ішінде не
бөлме температурасында жылытуға
болады.
Тағамның кіші кесектерін
тоңазытқыштан алған бетте мұздаған
қалпы пісіре беруге болады. бұндай
жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ
болады.
Мұз текшелерін жасау
Бұл құрылғыда мүз текшелерін жасауға
арналған бір не одан да көп науалар
бар. Осы
науаларға су толтырыңыз да,
содан соң оларды мұздатқыш камераға
салыңыз.
Өте маңызды! Науаларды камерадан
алу үшін металл аспаптарды
пайдаланбаңыз.
Суық аккумуляторы
Мұздатқыштың электр қуаты өшіп не
қандай да бір оқыс жағдай орын
алғанда тағамды ұзағырақ сақтай
тұруға көмектесетін кем дегенде бір
суық аккумуляторы бар.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша
тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше
маңызды кеңестер берілген:
•24 сағат ішінде тоңазытуға болатын
ең көп тағам мөлшері техникалық
ақпарат тақтайшасында берілген;
• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
Осы уақыт аралығында тоңазытылуға
тиіс ешбір қосымша тағамды қосып
салуға болмайды;
• тек аса жоғары сапалы, жаңа жəне
мұқият тазаланған тағамдарды ғана
тоңазытыңыз;
•
тағамды жылдам əрі толықтай
мұздатып, қажетті кезде оның тек
қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін
кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
• тағамды алюминий қағазға не
полиэтилен қалтаға орап, орамының
ауа өткізбейтіндігіне көз жеткізіп
алыңыз;
• жаңа, мұздамаған тағамды
əлдеқашан мұздаған тағамға, оның
температурасы көтеріле бастамас
үшін тигізбеңіз;
• майы аз тағамдар майлы тағамдарға
қарағанда жақсы əрі ұзақ сақталады;
тұз тағамның
сақталу уақытын
азайтады;
• мұз текшелерін мұздатқыш
камерадан алған бетте тура
пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі
мүмкін;
• Тағамдарды сақтау уақытының
кестесін жасау үшін, тағамның əрбір
жеке орамасына оның тоңазытылған
ай-күнін жазып қою ұсынылады;
Тоңазытылған тағамдарды сақтауға
қатысты ақыл-кеңес
Құрылғыны аса тиімді пайдалану үшін:
• сатылып алынатын тағамдардың
бөлшек сауда орнында тиісті түрде
сақталғанын тексеріп
алыңыз;
• мұздатылған тағамдардың тағам
дүкенінен тоңазытқышқа
мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде
жеткізілуін қадағалаңыз;
• есікті жиі-жиі ашып не қажетті
уақыттан артық ашып қалдырмаңыз.
• Тағамды бірден жібітіп алған соң
оның сапасы төмендей бастайды
жəне қайта тоңазытуға келмейді.
• Тағам өндірушісі көрсеткен уақыттан
артық уақыт сақтамаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз.
electrolux 17
Kommentare zu diesen Handbüchern