
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Құрылғыны тазалау немесе жөндеу
жұмыстарын жүргізердің алдында
оны электр желісінен ажыратыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны
бумен тазалағыш немесе жоғары
қысыммен тазалағыш құралдармен
тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын!
Түрпілі тазалағыш заттарды, темір
жөкені немесе қышқылды
қолданбаңыз. Бұндай заттар
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Құрылғының бетіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
• Пештің үстін тазалауды жеңілдету үшін
таба қоятын тағандарды алып қоя тұруға
болады.
• Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы мен шілтерін сабыны бар
сумен жуып, орнына қайта қояр алдында
жақсылап құрғатыңыз.
• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
• Таба қоятын тағандар ыдыс жуғыш
машинада жууға арналмаған. Оларды
қолмен жуу керек.
•Ыдыс тағандарын қолмен жуғанда,
құрғатып сүрткенде абай болыңыз, себебі
эмальмен қапталған жиектері өткір болуы
мүмкін. Қажет болса, қатып қалған
дақтарды тазартқыш қоймалжыңмен
кетіріңіз.
• Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын
дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Ыдыс тағандары орнықты тұру үшін олар
пештің бүйірлерінде орналасқан темір
істікшелермен бекітіледі. Тазалауға ыңғайлы
болу үшін ыдыс тағандарын пештің үстінен
алып қоюға болады. Ыдыс тағандарын соңғы
суретте көрсетілгендей көлденең ұстап тұрып
көтеріп алыңыз.
Ыдыс тағанын еңістетіп көтерсеңіз,
металл істікшелерге салмақ түседі.
Бұл металл істікшелерге зақым
келтіріп, сындыруы мүмкін.
Ыдыс тағандарының өлшемдері және
оттықтардың саны құрылғының әр үлгісінде
әр түрлі болуы мүмкін.
ҚАЗАҚ 9
Kommentare zu diesen Handbüchern