
Сөре жолдары
Сырғытпа жолдарды алу
1. Сырғытпа жолдардың алдыңғы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды аталмыш
əрекеттерді кері ретпен орындай
отырып салыңыз.
Сырғытпа жолдардың доғал
ұштары алдыңғы жаққа қарап
тұруға тиіс!
Пештің есігін тазалау
Пеш есігі бірінен кейін бірі орналасқан
шыны панельдерден тұрады. Тазалау
жұмысын жеңілдету үшін пештің есігі
мен ішкі шыны панелін алыңыз.
Назарыңызда болсын! Пеш есігін
ағытып алмай тұрып, есіктің ішкі
шыны панелін алғыңыз келсе, есік
кенет жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Шыны
есікті тазаламас бұрын, шыны
панельдердің салқын тұрғандығына
көз жеткізіп алыңыз. Шыны сынып
қалуы ықтимал.
Назарыңызда болсын! Есіктің
шыны панельдеріне нұқсан келсе
не сызат түссе, шыны босап, сынып
қалады. Бұндай жағдай орын алмас
үшін оларды ауыстыру керек.
Қосымша нұсқауларды жергілікті
қызмет көрсету орталығынан
алыңыз.
Пеш есігі мен шыны панельді алу
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос
топсасынан ұстаңыз.
2. Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де
бұраңыз.
electrolux 17
Kommentare zu diesen Handbüchern