
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе
жеміргіш ұнтақтарды
қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар құрылғының
қаптамасын бүлдіреді.
7.3 Мерзімді тазалау
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Камераның ішіндегі түтікше
немесе сымдардың
ешқайсысын тартуға,
қозғауға немесе бүлдіруге
болмайды.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Салқындатқыш жүйені
бүлдіріп алудан
сақтаныңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Корпусты жылжытқан
кезде, еденді сызып кетпес
үшін алдыңғы жағынан
көтеріңіз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап
сабын қосылған жылы сумен
жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын
тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан
конденсат құрылғысы мен
компрессорды шөткемен
тазалаңыз.
Желдеткіш торды бұлай тазалау
құрылғының жұмысын жақсартып,
электр қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі.
Салқынырақ бөлікті негізгі бөліктен
бөліп тұрған ең төменгі сөрені алып
тазалауға болады. Шығарып алу үшін
сөрені тура тартыңыз.
FreshZone бөлімінің толық
жұмыс істеуін қамтамасыз
ету үшін төменгі сөре мен
жайпақ қақпақтарды
тазалағаннан кейін
бастапқы орнына қою
керек.
Камераның ішіндегі тартпалы
жәшіктердің үстіндегі жайпақ
қақпақтарды тазалау үшін алып
шығуға болады.
7.4 Тоңазытқыштың мұзын
еріту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол
жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
бөліктегі науаның ортасындағы еріген
су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл
тазалап тұрған маңызды.
7.5 Мұздатқыштың мұзын
еріту
Мұздатқыш бөлікке мұз қатпайды. Бұл
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде ішкі
қабырғаларының бетіне де, тағамның
үстіне де ешбір мұз қатпайтынын
көрсетеді.
www.electrolux.com16
Kommentare zu diesen Handbüchern