Electrolux EN93855MX Bedienungsanleitung Seite 9

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 80
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 8
Функция басқа орнатылған
температураны таңдаған
кезде ажыратылады.
4.9 ShoppingMode
Жылы тағамды көп мөлшерде,
мысалы, азық-түлік дүкенінен келген
бетте салғыңыз келсе, тағамдарды
неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп
кетпес үшін ShoppingMode
функциясын іске қосуды ұсынамыз.
ShoppingMode функциясы шамамен 6
сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.
1. Функцияны іске қосу үшін Mode
тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
ShoppingMode индикаторы жанады.
2. Функцияны сөндіру үшін Mode
тетігін немесе басқа функцияны
таңдау үшін Mode тетігін арнайы
белгілердің ешқайсысы көрінбей
қалғанша басыңыз.
ShoppingMode индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың
басқа орнатылған
температурасын таңдаған
кезде ажыратылады.
4.10 FastFreeze режимі
Бұл функция 52 сағаттан кейін
өздігінен тоқтайды.
1. Функцияны іске қосу үшін:
a. Мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.
b. Mode тетігін тиісті белгі
көрінгенше басыңыз.
FastFreeze индикаторы көрсетіледі.
2. Функцияны автоматты түрде сөніп
қалмай тұрып өшіру үшін:
a. Мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.
b. Функцияны сөндіру үшін Mode
тетігін немесе басқа
функцияны таңдау үшін Mode
тетігін арнайы белгілердің
ешқайсысы көрінбей қалғанша
басыңыз.
FastFreeze индикаторы сөнеді.
Функция мұздатқыштың
басқа орнатылған
температурасын таңдау
арқылы ажыратылады.
4.11 FreeStore режимі
FreeStore режимін іске қосқанда қуат
шығыны артады.
Егер функция автоматты
түрде іске қосылса,
FreeStore индикаторы
көрсетілмейді ("Әркүндік
қолдану" тарауын
қараңыз).
1. Функцияны іске қосу үшін Mode
түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
2. Функцияны сөндіру, басқа
функцияны таңдау үшін Mode
түймешігін басыңыз немесе тиісті
белгілердің ешқайсысы көрінбей
кеткенше Mode түймешігін
басыңыз.
4.12 DrinksChill режимі
DrinksChill функциясы дыбысты
сигналды қажетті кезде орнату үшін
қолданылады, мысалы, рецепт
бойынша пісіргенде қоспаны белгілі
бір уақыт ішінде суытып алу қажет
болса, немесе мұздатқышқа жылдам
суыту үшін қойылған шөлмектерді
ұмытып кетпеу үшін ескерту сигналы
қажет болған кезде қолданылады.
1. Функцияны қосу үшін DrinksChill
түймешігін басыңыз.
DrinksChill индикаторы көрінеді.
Таймер орнатылған мәнді көрсетеді
(30 минут).
2. Таймердің орнатылған мәнін 1-ден
90 минут аралығында өзгерту үшін
"суығырақ температура" түймешігі
және "жылырақ температура"
түймешігін басыңыз.
Таймер (min). индикаторы көрсетіледі
Кері санақ аяқталған кезде DrinksChill
индикаторы жыпылықтайды да,
дыбыстық сигнал естіледі
3. Мұздатқыш камерадағы
сусындарды алыңыз.
4. Дыбыстық сигналды сөндіру және
функцияны біржола тоқтату үшін
DrinksChill түймешігін басыңыз.
ҚАЗАҚ 9
Seitenansicht 8
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 ... 79 80

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare