
Жылдам қыздыру функциясы қыздыру
уақытын азайтады.
Жылдам қыздыру функциясын қосу
үшін түймешігін үш секундтан көп
басып ұстап тұрыңыз.
Егер жылдам қыздыру функциясын
іске қоссаңыз, бейнебеттегі көлденең
жолақтар жыпылықтап, функцияның
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
6.7 Қуат үнемдеу
Құрылғының күнделікті тамақ пісіру
кезінде қуат үнемдеуге көмектесетін
мүмкіндіктері бар.
• Жалпылама кеңес
– Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
тұмшапеш есігінің жабық
тұрғанына көз жеткізіңіз және
тағам пісіріп жатқанда есікті
мүмкіндігінше ашпауға
тырысыңыз.
– Қуатты барынша үнемдеу үшін
темір ыдыстарды
пайдаланыңыз.
– Егер мүмкін болса, тағамды
тұмшапешті қыздырмай-ақ сала
беріңіз.
– Тағам пісіретін уақыт 30
минуттан көп болғанда, пісіру
уақыты аяқталмай тұрып, пісіру
уақытының ұзақтығына
байланысты пеш
температурасын 3-10 минутқа
азайтыңыз. Тұмшапештің
ішіндегі қалдық қызу тағам
пісіруді жалғастыра береді.
– Қалдық қызуды басқа
тағамдарды жылыту үшін
пайдаланыңыз.
• Желдеткішті қолданып пісіру -
егер мүмкін болса, қуатты үнемдеу
үшін желдеткіш қолданылатын
пісіру функцияларын
пайдаланыңыз.
• Қалдық қызу
– Кей функцияларда, уақытты
(Ұзақтық, Аяқтау, Кешіктіріп
бастау) таңдауға болатын
бағдарлама таңдалып тұрса
және пісіру уақыты 30 минуттан
ұзақ болса, қыздыру
элементтері орнатылған
уақыттан 10% ертерек сөнеді.
Желдеткіш пен шам жұмыс
істеуін жалғастыра береді.
• Шамды сөндіріп қойып пісіру -
шамды тағамды пісіру барысында
сөндіріп, өзіңізге қажет кезде ғана
қосыңыз.
• Тағамды жылы ұстау - қалдық
қызуды тағамды жылы ұстау үшін
қолданғыңыз келсе, ең төменгі
температура параметрін таңдаңыз.
Бейнебетте қалдық қызу
температурасы көрсетіледі.
• Эко функциялары - "Тұмшапеш
функциялары" тарауын қараңыз.
• Дисплейді сөндіру - Қажет болса,
дисплейді толық сөндіруге болады.
Дисплей сөнгенше және
түймешіктерін қатар басыңыз. Бұл
әрекет сондай-ақ құрылғыны іске
қосады.
7. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
7.1 Сағат функцияларының кестесі
Сағат функциясы Қолданылуы
ТӘУЛІК УАҚЫТЫ Тәулік уақытын көрсетуге арналған. Тәулік
уақытын өзгерту үшін «Уақытты орнату» тарауын
қараңыз.
ҰЗАҚТЫҚ Құрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға
арналған.
ҚАЗАҚ 13
Kommentare zu diesen Handbüchern