
Сұйық ретінде тек суды ғана
пайдаланыңыз. Сүзгіден өткізілген
(минералы тазартылған) немесе
тазартылған суды пайдаланбаңыз.
Басқа сұйықтықтарды
пайдаланбаңыз.
Тұтанғыш немесе алкоголі бар
сұйықтықтарды (граппа, виски, конъяк
т.с.с.) су тартпасына құюға
болмайды.
3.
Су тартпасын бастапқы орнына қойыңыз.
4.
Тағамды дұрыс ыдысқа салып пісіріңіз.
5.
Температураны 130 °C және 230 °C
аралығына қойыңыз. Температура 230 °C
градустан жоғары болса, бумен пісіру
жақсы нәтиже бермейді.
6.
Буға пісіріп болғаннан кейін су сауытын
босатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыстық желдеткішпен пісіру + Буға
пісіру функциясын пайдаланып
болған сайын, су жіберетін клапаннан
ыстық су ағып кетпес үшін кем
дегенде 60 минут күтіңіз.
5.4 "Сауыт бос" индикаторы
Бұл индикатор сауыттың бос екенін, оны
қайта толтыру керек екенін көрсетеді.
Қосымша ақпаратты "Буға пісіру" тарауынан
қараңыз.
5.5 "Сауыт толы" индикаторы
Индикатор тұмшапештің бумен пісіруге дайын
екенін көрсетеді.
Егер сауытқа өте көп су құйсаңыз,
қауіпсіздік түтігі артық суды
тұмшапештің табанына ағызады.
Суды жөкемен немесе шүберекпен
тазалаңыз.
5.6 Су сауытын босату
Су сауытын босатпай тұрып
құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз.
1.
Пайдаланушы нұсқаулығы салынған
қалтадағы су төгетін түтікті (C) дайындап
алыңыз. Су төгетін түтіктің бір ұшына
жалғастырғышты (B) салыңыз.
2.
Су төгетін түтіктің екінші ұшын (C)
сауытқа салыңыз. Оны су төгетін түтік
клапанының (A) деңгейінен төмен
орнатыңыз.
3.
Тұмшапештің есігін ашыңыз да,
жалғастырғышты (B) су төгетін клапанға
(A) салыңыз.
4.
Су сауытын босатқан кезде
жалғастырғышты қайта-қайта итеріңіз.
5.
Су ақпай тоқтаған кезде жалғастырғышты
клапаннан алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Су сауытын қайта толтыру үшін
сауытты босатқан кезде жиналған
суды пайдаланбаңыз.
"Сауыт бос" индикаторы жанған
кезде сауытта шамалы су тұруы
мүмкін. Су төгетін түтік клапанынан
ағып жатқан су тоқтағанша күтіңіз.
B
C
A
ҚАЗАҚ 9
Kommentare zu diesen Handbüchern