Electrolux EVK95840AX Kochbuch Seite 15

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 24
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 14
50 г сары май
150 г кілегей ірімшігі
40 г қант түйіршіктері
жер жаңғағы
Басқа:
Диаметрі 22 см дөңгелек пісірме
табақ, майланған
Дайындау әдісі:
Күнбағыс майын, қоңыр қантты,
жұмыртқа мен тосапты қосып
шайқаңыз. Қоспаның басқа
құраластарын қосып араластырыңыз.
Қоспаны май жағылған пісірме табаққа
салыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты (мин):
55
Сөренің орналасуы: 1
Пісіріп болғаннан кейін:
Сары май, ірімшік пен қант
түйіршіктерін араластырыңыз (қажет
болса, оңай жағылуы үшін аздап сүт
қосыңыз). Суығаннан кейін торттың
үстіне жағыңыз да, ең үстіне жер
жаңғағын себіңіз.
7.4 Ірімшік торты:
Негіз дайындауға арналған қоспа:
150 г ұн
70 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8
г)
1 жұмыртқа
70 г жібіген сары май
Ірімшік қаймағын дайындауға
арналған қоспалар:
3 жұмыртқаның ақуызы
50 г мейіз
2 ас қасық ром
750 г майы аз кварк
3 жұмыртқаның сарысы
200 г қант
бір лимонның шырыны
200 г қаймақ
Ваниль дәмді 1 қапшық қайнатпа
крем ұнтағы (500 мл сүт қосылатын
пуддинг жасау үшін ұнтақтың 40 г
немесе тиісті мөлшері қосылады)
Басқа:
Диаметрі 26 см қара түсті пісірме
табақ, майланған
Дайындау әдісі:
Ұнды шараға елеңіз. Қалған құрамдас
бөліктерді қосып, қол миксерімен
араластырыңыз. Содан кейін қоспаны
тоңазытқышқа 2 сағат қоя тұрыңыз.
Серіппелі пішінді табақтың майланған
түбіне қоспаның шамамен 2/3 бөлігін
жайып, шанышқымен бірнеше рет
тесіңіз. Қалған қоспадан биіктігі
шамамен 3 см жиек жасаңыз.
Жұмыртқаның ағын қол миксерімен
көлемі ұлғайғанша шайқаңыз. Мейізді
жуып, жақсылап кептіріңіз, содан кейін
оған ром бүркіп, сіңгенше қоя тұрыңыз.
Майы аз кварк, жұмыртқаның
сарылары, қант, лимон шырыны,
қаймақ пен қайнатпа крем ұнтағын
араластырғыш шараға салып,
жақсылап араластырыңыз. Соңында
жұмыртқаның шайқалған ағы мен
мейізді кварк қоспасына еппен
қосыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты (мин):
85
Сөренің орналасуы: 1
7.5 Ірімшік фланы:
Құрамы:
Швейцарлық қатпарлы пирожный
қамырының немесе қатпарлы
қамырдың (шаршылап жайылған)
1,5 жаймасы
500 г үгітілген ірімшік
200 мл кілегей
100 мл сүт
4 жұмыртқа
тұз, Перец және мускат жаңғағы
Дайындау әдісі:
Жақсылап майланған пісірме табаққа
қамырды салыңыз. Қабырдың түбін
түгелдей шанышқымен тесіңіз.
Қамырдың үстіне ірімшікті біркелкі етіп
жайыңыз. Кілегейді, сүт пен
жұмыртқаны араластырыңыз да, тұз,
Перец пен мускат жаңғағын сеуіп,
дәмдеңіз. Қайтадан жақсылап
араластырып, үстінен ірімшік салыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты (мин):
40
ҚАЗАҚ 15
Seitenansicht 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 23 24

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare