
қойған кез келген дақты ағартқышпен
сүртіңіз де, содан соң мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ
кетіргіш, этил спирті не бензинмен
сүртіңіз, содан соң жуғыш
қоймалжыңмен ысқылаңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҚОСПАЛАР
Жуған кезде жақсы нəтижеге жету
сондай-ақ, жуғыш затты дұрыс таңдап
алу, оны босқа ысыраптамай жəне
қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей
тиісті мөлшерде пайдалануға да
байланысты.
Сонымен қа
тар сіңіп кететін заттардың
құрамында, мөлшері шамадан тыс көп
болған жағдайда табиғаттың үйлесімін
бұзуы мүмкін заттар кездеседі.
Жуғыш затты таңдау матаның
түріне(нəзік мата, жүн тоқыма, мақта
мата т.б.),түсіне, жуу температурасына
жəне қаншалықты кірленгендігіне
байланысты болады.
Əдетте кір жуғыш машинада
пайдаланылатын жуғыш заттардың
барлығын да осы машинада қолдануға
болады:
• матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар
• нə
зік мата(макс. 60°C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар
• матаның барлық түрлеріне не
əсіресе, жүн заттарға ғана арналған
төменгі температурада жуатын
бағдарламаларға(макс. 60°C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Жуу бағдарламасын бастамас бұрын
жуғыш зат не басқа да пайдаланылатын
қоспалар тиісті үлестіргіштер
қорапшасына салынуға тиіс.
Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда
алдын ала жуу функциясы жоқ
бағдарламаны таңдау қа
жет.
Кір жуғыш машина жуғыш зат
концентратын барынша тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін
араластырғыш жүйемен жабдықталған.
Өнім өндірушісінің жуғыш затты
пайдалану мөлшеріне қатысты
ұсыныстарын орындаңыз, оны
үлестіргіш қорапшасындағы "MAX"
мөлшерінен асырмай салыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТТЫҢ
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МӨЛШЕРІ
Жуғыш заттың түрі мен қолданылатын
мөлшері киім матасының түрі, салынған
мөлшері, қаншалықты кірленгендігі мен
пайдаланылған судың кермектігіне
байланысты.
Заттың пайдаланылатын мөлшерін
өндіруші нұсқауларына сай ан
ықтап
пайдаланыңыз.
Төменгі жағдайларда жуғыш затты аз
мөлшерде жұмсаңыз:
• аз ғана кір жусаңыз,
• заттар тек жеңіл-желпі кірлесе,
• жуған кезде көбік көп болса.
СУ КЕРМЕКТІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІ
Судың кермектігі "деңгей" арқылы
өлшенетін өлшеммен анықталады.
Жергілікті жердегі судың кермектігі
туралы ақпаратты сумен жабдықтайтын
компания не жергілікті əкімшілік
мекемеден алуға болады. Судың
кермектігі орташа не жо
ғары болса,
өндіруші нұсқауларын əрқашан
орындай отырып су жұмсартқыштан
қосыңыз. Су жұмсақ болса жуғыш
заттың қосылатын мөлшерін қайта
баптаңыз.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
БУ ФУНКЦИЯСЫ
Мата түріне қарай, бу жуылған кірдің
қыртыстануын азайтып, иісін кетіреді.
Салынатын кірдің ең үлкен мөлшері: 1
кг кепкен кір.
Əр бу циклі аяқталған сайын, кір
дымқыл тəрізді болатындықтан, киімді
кептіру үшін 10 минут ауада ұстап
тұрған дұрыс. Кірді барабаннан
неғұрлым тез алу керек.
Бу циклі аяқталғаннан кейін, кірді
бəрібір үтіктеу керек, бірақ ол жеңіл
үтіктеледі!
16 electrolux
Kommentare zu diesen Handbüchern