
8. Есік жақтаушасының (B) жоғарғы
жағын қос қолмен екі жағынан
ұстаңыз да, ысырманы босату үшін
ішке қарай басыңыз.
9. Есікті босату үшін оның
жақтаушасын алға қарай тартыңыз.
10. Есіктің шыны панельдерін үстіңгі
шеттерінен ұстап тұрып, бір-бірден
абайлап тартып шығарыңыз.
Үстіңгі панельден бастап алыңыз.
Шынының тіректерден толығымен
босап шыққанына көз жеткізіңіз.
11. Шыны панельдерді сабын сумен
жуыңыз. Шыны панельдерді
жақсылап құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін шыны
панельдерді және тұмшапештің есігін
орнатыңыз. Жоғарыдағы қадамдарды
кері ретпен орындаңыз.
Шыны панельдерді (A және В) дұрыс
ретпен орындарына қайта салуды
ұмытпаңыз. Шыны панельдің
бүйіріндегі белгіні / таңбаны тексеріңіз,
ағыту және орнату жұмыстарын
жеңілдету үшін шыны панельдер әр
түрлі етіп жасалған.
Ортаңғы шыны панельді ұяларына
дұрыс орнатқаныңызды тексеріңіз.
10.7 Шамды ауыстыру
Құрылғының ішкі табанына шүберек
төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы
мен құрылғының ішіне нұқсан келмес
үшін қажет.
ЕСКЕРТУ!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар!
Сақтандырғышты шамды
ауыстыру алдында
ағытыңыз.
Шам және шамның қақпағы
ыстық болуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Шамға майдың қалдығы
жұғып күймес үшін, галоген
шамды үнемі шүберекпен
ұстаңыз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз
немесе айырып-қоқышты
ажыратыңыз.
www.electrolux.com24
Kommentare zu diesen Handbüchern