
12.5 Напоминание О Чистке
Бұл функция тазалаудың қажет екенін
және келесі функцияны орындау қажет
екенін ескертеді: Бумен тазалау плюс.
Функцияны қосу / сөндіру үшін:
Напоминание О Чистке функциясын
мына мәзірден қосыңыз: Основные
Установки.
12.6 Су тартпасын тазалау
Құрылғыдан су тартпасын алыңыз.
1. Су тартпасының қақпағын алыңыз.
Қақпақты артқы жақтағы дөңеске
сай келтіріп алыңыз.
2. Толқын тежегішті алыңыз.
Тартпадан сырт етіп шыққанша
тартып шығарыңыз.
3. Су тартпасының бөлшектерін
қолмен жуыңыз. Кран суы мен
сабынды пайдаланыңыз.
Жеміргіш жөкені
пайдаланбаңыз. Су
тартпасын ыдыс жуғыш
машинаға салмаңыз.
Су тартпасының бөлшектерін
тазалағаннан кейін су тартпасын қайта
құрастырыңыз.
1. Толқын тежегішті сырт еткізіп
салыңыз. Оны тартпаға итеріп
салыңыз.
2. Қақпақты салыңыз. Әуелі алдыңғы
бекіткішін салып, содан кейін
тартпаның корпусына қарай
итеріңіз.
3. Құрылғыға су тартпасын салыңыз.
4. Су тартпасын орнына келіп
түскенше тұмшапешке қарай
итеріңіз.
12.7 Бу шығаратын жүйе -
Удал. накипи
Бу генераторы жұмыс істеген кезде,
оның ішіне судың құрамындағы
кальцийге байланысты қақ тұрады.
Бұл будың сапасына, бу
генераторының жұмысына және
тағамның сапасына жағымсыз әсер
етеді. Бұндай жағдайға жол бермеу
үшін бу жүйесіне тұрып қалған
тастарды тазалаңыз.
Керек-жарақтың барлығын алыңыз.
Мәзірден функцияны таңдаңыз:
Очистка. Пайдаланушы интерфейсі
процедура бойынша нұсқау береді.
Процедураның толық аяқталуына
шамамен 2 сағат уақыт қажет.
Бұл функцияда шам сөніп тұрады.
1. Гриль / қуыру табағын бірінші
сөренің деңгейіне қойыңыз.
2. Су тартпасына 250 мл қақ
тазалайтын құралдан салыңыз.
3. Су тартпасының қалған бөлігін
макс. деңгейіне жеткенше суға
толтырыңыз.
4. Құрылғыға су тартпасын
орнатыңыз.
5. Процедураны қосыңыз
Бұл кезеңнің ұзақтығы
шамамен 1 сағат 40 минут.
www.electrolux.com72
Kommentare zu diesen Handbüchern