Electrolux ENN92811BW Bedienungsanleitung Seite 5

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 52
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 4
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Электр бөлшектеріне зақым
келтірмеңіз (мысалы, ашасына,
сымына, компрессорға). Электр
бөлшектерін ауыстыру үшін қызмет
уәкілетті көрсету орталығына
немесе электршіге хабарласыңыз.
Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр тоғының қатеріне
ұшырау немесе өрт шығу
қаупі бар.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
Салқындатқыш жүйеге зақым
келтіріп алмас үшін абай болыңыз.
Оның құрамында изобутон (R600a),
қоршаған ортамен сыйысымдылығы
өте жоғары табиғи газ бар. Бұл
тұтанғыш газ.
Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
Алкогольсыз сусындарды
мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.
Себебі сусынның ыдысында қысым
пайда болады.
Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
Қолыңыз су немесе дымқыл болса
мұздатқыш бөліктегі заттарды
алмаңыз немесе ұстамаңыз.
Жібіген тағамды қайта
мұздатпаңыз.
Мұздатылған тағамның
орамындағы тағам сақтау
нұсқауларын орындаңыз.
2.4 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда пайдаланылатын
шам түрлері бөлмені
жарықтандыруға жарамайды
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
ҚАЗАҚ 5
Seitenansicht 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 51 52

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare