киіңіз. Құрылғыны ешқашан
тұтқасынан ұстап көтермеңіз.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабдықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт
ара қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
• Орнатардың алдында ас үй жиһазы
мен
құрылғы орнатылатын ұяның
өлшемдерінің, құрылғыға сай
келетіндігін тексеріп алыңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум арақашықтықты
сақтаңыз.
• Бұл құрылғыны тағанның үстіне
орнатуға болмайды.
• Кіріктірілген пештер мен пештің үсті,
арнаулы қосылым жүйелерінің
көмегімен орнатылады. Құрылғыға
нұқсан келмес үшін, тек бір өндіруші
өндірген
құрылғыларды ғана бірге
пайдаланыңыз.
Электртоғына қосу
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
• Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу
қаупі бар.
• Қорек сымын ауыстырмаңыз
немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қуат
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан (егер болса) тартып
ажыратыңыз.
Қолдану
• Бұл тек үйде қолдануға арналған
құрылғы. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта
қолданбаңыз.
• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз
. Бұл адамның
жарақаттануына немесе мүлікке зиян
келуіне жол бермеу үшін қажет.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның
іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-
жарақтары мен кəстрөлдерді алып-
салған кезде қолғап киіңіз.
• Пештің эмалін бүлдіріп алмас үшін,
керек
-жарақтарды алған немесе
салған кезде абай болыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін, əрқашан құрылғыдан алыс
тұрып ашыңыз. Ыстық бу шығуы
мүмкін. Теріні күйдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
– құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
– тамақ
пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
• Эмаль қаптаманың түсінің кетуі
құрылғының жұмысына еш əсер
етпейді, сондықтан да бұл кепілдік
заңы бойынша қарастырылатын
жағдай емес.
electrolux 3
Kommentare zu diesen Handbüchern